Популярные темы

Бас прокуратура 2023 жылғы атышулы істер жайлы айтты

Дата: 17 января 2024 в 11:58 Категория: Происшествия


Бас прокуратура 2023 жылғы атышулы істер жайлы айтты
Стоковые изображения от Depositphotos

2023 жылы арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық істерді тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы арнайы прокурорлар атышулы істерді қарады. Олар бойынша сотталған:

Сонымен қатар жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар — ҰҚТ жетекшісі Жұмагелдиев, ҰҚК 5–ші департаментінің бұрынғы бастығы Ысқақов, Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Құдайбергенов, бандитизм  мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін-Махатов (Қорғас қылмыстық ісі бойынша «агент Саныч» деген атпен белгілі), Алматы қаласында метро құрылысына арналған жабдықтарды сатып алу кезінде 5 млрд. теңге жымқырған «Метрополитен» басшылығы, сөндіру барысында орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапқан Абай облысындағы орман өрті үшін «Семей Орманы» резерватының басшылары бойынша істер сотқа жолданды.

Сондай-ақ Абай облысындағы өрттер бойынша Экология министрлігінің және бірыңғай энергия жүйесіндегі іркіліске алып келген «KEGOC» пен 3-ЖЭС-тегі апат фактісі бойынша «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» лауазымды тұлғаларына қатысты  тергеу жүргізілуде.

Қарағанды қаласындағы ерекше балаларға арналған арнайы мекемеде 14 мүгедек баланың улану және Алматыдағы жатақханада 13 адамның өмірін қиған өрт жағдайлары тергелуде.

Салдарынан 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы жарылыстарды тергеу аяқталуда. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті ретінде танылып, қамауға алынды.

Мемлекет активтерін 100 млрд теңгеге жымқыру фактілеріне баға берілуде.

2023 жылдың қаңтарынан бастап азаптауды тергеу арнайы прокурорлардың айрықша тергеуіне жатқызылды.

2023 жылы психикалық және физикалық азап келтіргені үшін күштік ведомстволардың 69 қызметкері қылмыстық қудалау орбитасында болды, жыл соңына дейін 21 лауазымды адам сотталды.

Азаптаудың алдын алу аясында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарының мекемелерін жаппай бейнебақылаумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалуы тексерілді. Прокуратура органдарының ұсынысы бойынша ғимараттардағы 4 мыңнан астам соқыр аймақ жойылды.

Азаптаулардың алдын алу бойынша тиісінше жұмыс істемегені үшін 118 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 19 құқық қорғау органдарының басшылары.

Бас Прокуратура ІІМ-мен бірлесіп еліміздің барлық полицейлерінің қатысуымен азаптауға «нөлдік» төзімділік туралы ашық кеңестер өткізді.

Бас прокуратураның бастамасы бойынша ІІМ бұйрығымен азаптаудың алдын алу үшін бірінші басшылар мен қызметкерлердің жауапкершілігі бекітілді.

Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық пен Бас прокуратура арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

Күштік құрылымдардың қызметкерлері арасында «азаптаудың алдын алу» тақырыбында анонимді сауалнама жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты-қызметкерлерді азаптауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды талдау және алдын алудың тиімді шараларын әзірлеу.

Сауалнама нәтижелері бойынша азаптауды жоюдың жаңа бағыттары анықталды.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Происшествия
Поделитесь новостью с друзьями