Стоковые изображения от Depositphotos
Шетелдік автокөлікті Қазақстанға әкелу кезінде электронды төлқұжат жүйесінен ақпарат қажет емес, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қағидаларға енгізілген өзгерістерге сай, шетелдік автокөлікті Қазақстанға енгізу (әкелу) үшін көлік құралының электронды төлқұжат жүйесінен мәліметтер уақытша талап етілмейді.
Бұл шара Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік құралдарының электронды паспорттық жүйелерін (көлік шассиінің паспорттары) және өзі жүретін көлік құралдарының электронды паспорттарын және басқа да техника түрлерінің интеграциялық процестері аяқталғанға дейін енгізіліп жатыр.
Қаулы 2023 жылғы 8 желтоқсанда күшіне енді.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press