Стоковые изображения от Depositphotos
Келер жылы Қазақстанда зейнетақы жинағындағы ақшаның «жеткілікті шегі» өседі деген болжам болған. Бүгін БЖЗҚ жеткілікті шек мөлшерін жариялады, бірақ ол былтырғы деңгейде қалды. Негізі, оған төменгі жалақы мөлшерінің артуы (70 мың орнына 85 мың болады) мен тағы бірнеше фактор әсер етуі керек еді.
Олар:
— ең төменгі зейнетақы мөлшері (2024 жылы 57 853 теңге болады);
— мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең аз мөлшері (1 қаңтардан бастап 28 215 теңге);
— күнкөріс минимумы (2024 жылы — 43 407 теңге).
Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі — шотта қалуға тиіс сома. Ол ең аз зейнетақы алу үшін керек.
Одан артық ақша болса, шешіп алып, мына мақсаттарға жұмсауға мүмкіндік бар:
— үй не жер телімін алу;
— үй салу;
— ипотека төлеу;
— ипотекаға бастапқы жарна ретінде пайдалану.
Одан бөлек ем-домға жұмсауға, сенімді басқаруға аударуға болады.
Бүкіл көрсеткіш өзгергенмен, шекті сома бұрынғы деңгейде қалды.
Шекті соманың өзгеруі — жылда қайталанатын процедура, бірақ биыл билік оны қайта қараған жоқ.
Жеткілікті шек мөлшері азаматтың жасына тікелей байланысты.
По сообщению сайта Крыша