Популярные темы

БАҚ-тың жазбаша өтінішін 7 күн емес, 5 күн қарау ұсынылды

Дата: 30 ноября 2023 в 16:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


БАҚ-тың жазбаша өтінішін 7 күн емес, 5 күн қарау ұсынылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Негізгі заң жобасы мемлекет мүддесін, қоғамның сұранысын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Құжатта журналистердің мәртебесін көтеру, құқықтарын нығайту, сондай-ақ олардың міндеттерін кеңейту бойынша жағдай жасау қарастырылған. Ол үшін БАҚ материалдарына үш жылдық ескіру мерзімін белгілеу және мемлекеттік органдардың БАҚ-тың жазбаша өтініштерін қарауын 7 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқарту ұсынылады», — делінген мәжіліс хабарламасында.

Сонымен қатар жыл сайын журналистердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына талдау, олардың жағдайын бағалау және тиісті ұсынымдары бар Ұлттық баяндама дайындалады.

2025 жылдан бастап мемлекеттік емес БАҚ республикалық деңгейде гранттық қаржыландыруға көшеді. Отандық телерадио хабарларын таратуды дамыту мақсатымен спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігі субсидияланады. Сонымен қатар журналистерді аккредиттеудің бірыңғай жүйесін енгізу мәселесі қарастырылады.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями