Популярные темы

Бас прокурор Салтанат Нүкенованың өлімі туралы айтты

Дата: 21 ноября 2023 в 20:08 Категория: Происшествия


Бас прокурор Салтанат Нүкенованың өлімі туралы айтты
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өлтірді деп айыпталған Салтанат Нүкенованың ісі туралы айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жақындағы Нүкенованың өлімі интернет кеңістігін дүр сілкіндірді. Қазірдің өзінде 150 мыңға жуық қазақстандық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту туралы петицияға қол қойды.

Сонымен қатар, бұл бағытта жұмыс тұрақты жүргізіліп жатыр. Биыл отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін қамауға алу мерзімі ұлғайтылды, тараптарды қайта татуластыруға тыйым салынды», — деді Асылов.

Ол полицияның тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының шағымын қарау жұмыстары қайта құрылғанын түсіндірді.

«Нәтижесінде, үшінші тоқсанда әкімшілік жауапкершілікке тартылған жанжал шығарушылар саны 7 мыңнан 27 мыңға дейін көбейген. Жыл басынан бері 80 адам кісі өлтіргені және ауыр жарақаттар үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бірақ тек жазалау әдістері жағдайды түзете алмайды. Тәртіп орнатуда бізге қоғамның, әрбір азаматтың белсенді қолдауы қажет», – деді Бас прокурор.

Сурет: әлеуметтік желіден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Происшествия
Поделитесь новостью с друзьями