Популярные темы

Биыл Алакөлде 700 млн теңгеден астам сомаға 12 жоба іске асырылды

Дата: 31 октября 2023 в 16:38 Категория: Новости экономики


Биыл Алакөлде 700 млн теңгеден астам сомаға 12 жоба іске асырылды
Стоковые изображения от Depositphotos

2023 жылы Алакөл көлінің жағалауында жалпы сомасы 767 млн теңгеге 12 жоба іске асырылған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Алдын ала деректерге сүйенсек, өткен курорттық маусымның қорытындысы нәтижесінде Алакөл көлінің жағалауына шамамен 1 млн жуық адам келген. Қазіргі таңда бұл сандар нақтыланып жатыр», — деді Нұрлан Ұранхаев.

 

Сондай-ақ, бүгінде Алакөл жағалауындағы туристік аймақты дамытудың Жол картасы әзірленді.

Курорттық аймақтың тартымдылығын арттыру мақсатында және облысты дамытудың 2027 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаға арналған Кешенді жоспары аясында Көктал ауылынан Қабанбай ауылына дейін ұзындығы 70 км 110кВ жоғары вольтты желі құрылысын жүргізу, 25 млрд теңге сомасына Алакөл жағалауын бекіту, жылына 30 мың қуаты бар Қабанбай ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарланған.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями