Стоковые изображения от Depositphotos
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, көлік жүргізушілері 3 қазаннан бастап жол ақысын жаңа тарифпен төлейді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Баға айлық есептік көрсеткішке байланысты есептеледі.
Жалпы алғанда 11 ақылы жолдың тарифі қымбаттады.
«Астана – Щучинск», «Астана – Теміртау», «Тараз – Қайнар» және «Қонаев – Талдықорған» тас жолдарында жеңіл көліктер үшін 200-300 тг аралығында болмақ.
«Алматы – Қорғас» бағытындағы жолға 359,
«Астана – Павлодар» бағытына 456 және «Шымкент – Қызылорда» тас жолына 527 теңге деп бекітілді.
Ал «Щучинск – Көкшетау», «Алматы – Қонаев», «Шымкент – Тараз» және Шымкенттен Өзбекстан шекарасына қатынайтын жол ақысы арзандау, 72 теңгеден 120 теңгеге дейін.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press