Стоковые изображения от Depositphotos
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина үштігі скит сайысында алдына жан салмады. Одан өзге олар 350 ұпаймен Азия ойындары рекордын жаңартты.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 7 қола медаль бар.
Азия ойындары 23 қыркүйек күні басталды, 8 қазанға дейін жалғасады. Қазақстаннан 524 спортшы қатысып жатыр.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press