Стоковые изображения от Depositphotos
Шымкенттегі ауруханалардың бірінде төбелес болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Кадрларға қарағанда, оқиға жансақтау бөлімінде болған. Науқас пен бірнеше жедел жәрдем дәрігерлері арасында жажал болған. Сондай-ақ, ауруханада науқастың туыстары болғаны айтылған.
Instagram-пабликтердегі мәлімет бойынша, оқиға салдарынан медбике мен дәрігер соққыға жығылған.
Оқиғаның мән-жайы кейін белгілі болды.
Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, оқиға 20 қыркүйекте болған. Сағат 19:50-де 1995 жылы туған азамат жедел жәрдеммен Гипербариялық оттегі орталығына жеткізілген.
«Туыстарының айтуынша, науқас улы сұйықтық ішкен. Дәрігерлер оны тексерді, психикалық қозу жағдайына байланысты тыныштандыру шараларын жүргізу үшін жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда науқас медициналық көмекке қарсылық танытып, медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолданған», — делінген Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.
Оқиғаға байланысты ақпарат полицияға берілген.
По сообщению сайта Arna Press