Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақстанда ет бағасы 12% көтерілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
2023 жылдың шілде айының соңында ет, оның ішінде ет өнімдерінің бағасы айына 0,3% және жылына 11,2% өсті. Energyprom.kz-тің зерттеуіне сай, өңірлік контексте бағаның жылдық динамикадағы өсуін елорда тұрғындары қатты сезінді: плюс 16,3%. Көшбасшы алғашқы үштікке Алматы (плюс 15,5%) және Солтүстік Қазақстан (плюс 15,2%) облыстары да кірді.
Бір қызығы, бағаның ең аз өсімі Түркістан облысында тіркелді: 5,7%.
«Ет түрлері бойынша сиыр еті 11,5%, қой еті 7,1%, шошқа еті 11,9%, жылқы еті 9,1%, қайнатылған шұжық 14,5%, жартылай ысталған шұжық 12,7% қымбаттады», — дейді мамандар.
Сонымен қатар республика бойынша дүкендер мен базарларда сиыр етінің құны орта есеппен келісіне 2,6 мың теңге, қой еті 2,8 мың теңге, шошқа еті 2,2 мың теңге, жылқы еті 3 мың теңге, қайнатылған шұжық 2,8 мың теңге, ысталған шұжық 3,3 мың теңге болды.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press