Популярные темы

Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған

Дата: 29 августа 2023 в 12:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған
Стоковые изображения от Depositphotos

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңге болған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Сурет: видеодан үзінді 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями