Стоковые изображения от Depositphotos
Биылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстанға 227,7 мың шетелдік турист келген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, салыстырмалы түрде, былтырғы сәйкес кезеңінде Қазақстанға 97 мың шетелдік келген. Биыл алғашқы тоқсанда ішкі туристер саны да 20% артты. Ал қаңтар-наурыз аралығында 1 млн 348 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған.
Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Биыл бұл көрсеткіш 1,4 миллионға дейін өседі деп болжанып отыр.
«Бұл шетелдік қонақтардың Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Мысалы, жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе артты», — деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.
Сурет: unsplash
По сообщению сайта Arna Press