Популярные темы

Риддерде алаяқ тауар несиесін рәсімдеп, қашып кеткен

Дата: 03 августа 2023 в 12:49 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Риддерде алаяқ тауар несиесін рәсімдеп, қашып кеткен
Стоковые изображения от Depositphotos

Шілде айының соңында Риддер қаласы полиция бөліміне қала тұрғыны белгісіз адам мобильді қосымшаның көмегімен оның атына 759 970 теңге сомасында тауарлық несие ресімдеп, жоғалып кеткені туралы өтінішпен жүгінген, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары дереу 2000 жылы туған күдіктінің жеке басын анықтап, ұстаған.

Ұсталған адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

«Аталған  факті бойынша ҚР ҚК — нің 190-бабы 2-бөлігімен – «алаяқтық» сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», деді полиция департаментінде.

Полиция департаменті барлық азаматтарды мұқият және қырағы болуға сондай ақ, бірқатар қарапайым қауіпсіздік қағидаларын есте сақтауға шақырады.

«Ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға өзіңіздің жеке деректеріңізді (аты-жөні, ЖСН, карта нөмірі, жеке куәлік нөмірі және т. б. жария етпеңіздер», деп қосты ШҚО ПД баспасөз қызметінде.

Өзіңізді алдауға жол бермеңіз, егер Сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу «102«арнасына хабарласыңыз.

Есіңізде болсын сіздің деректеріңіз бен қолма қол ақшаңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями