Стоковые изображения от Depositphotos
Видеодан кейбір адамдардың жанып жатқан ғимараттың терезелерінен секіргенін көруге болады. Ал тағы біреулер балаларын лақтыруға мәжбүр, оларды төмендегі топ адам кілемнің көмегімен қағып алуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 тамызда сағат 17:10-да Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі дабыл белгісі бойынша Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54 үй мекен-жайына аттанды.
Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер 16 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтерлері ашық отқа оранғанын анықтады. Сондай-ақ 5 және 6-қабаттағы жеделсатының электр кабельдері де өртеніп жатыр.
«Сағат 18-00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қызыл жалын қамтыған аудан нақтылану үстінде. Жоғары қабаттардағы адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖД күшімен баспалдақ арқылы 250-ге жуық адам эвакуацияланды, үш тік саты мен үш автомат саты арқылы 40 адам құтқарылды», деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Оқиға орнында қалалық ТЖД күштері мен құралдары сапынан 50 адам және 14 техника жұмыс істеп жатыр, оның ішінде 3 автосаты бар.
«Өртті сөндіру техникасынның жүру жолында қайылған жеке авто көліктермен өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқанын атап өткен жөн. Алматы қаласының ТЖД шұғыл қызметтердің жол жүруіне кедергі жасамауды сұрайды», деп қосты ТЖМ баспасөз қызметінде.
Сурет: Instagram.com
По сообщению сайта Arna Press