Популярные темы

Абай облысында ҰҚК қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» директорын жемқорлықпен ұстады

Дата: 28 июля 2023 в 19:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында ҰҚК қызметкерлері “Азаматтарға арналған үкімет” директорын жемқорлықпен ұстады
Стоковые изображения от Depositphotos

2023 жылғы 27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады, дер хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына тоғытылды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями