Стоковые изображения от Depositphotos
Семейде 59 түлек «Алтын белгі» иегері атанды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық бірыңғай тестілеу 2023 жылғы 18 мамыр 5 шілде аралығында электронды форматта өткізілді, түлектер қорытынды ҰБТ-ны екі рет тапсырды. Екі мүмкіндік те мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу үшін жарамды.
Түлектер тест тапсыру күнін, уақытын және орнын өздері таңдады.
Семей қаласы бойынша мектепті барлығы 2 045 оқушы бітірді, оның ішінде 1 871 түлек ҰБТ тапсырды.
59 мектеп бітіруші «Алтын белгі» иегері атанса,169 түлек мектепті үздік аттестатқа аяқтады.
«Алтын белгі» иегерлерінің ҰБТ орташа балы — 99,8 балды құрады. Ең жоғары 135 балды , «Алтын белгісінің » иегері Зарипова Аружан жинады.
Жалпы Семей қаласы бойынша 271 түлек 100-ден жоғары балл алды.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press