Стоковые изображения от Depositphotos
Семейде ұзақ мерзімді жедел әзірлеуді жүргізу нәтижесінде, Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Семей қаласы ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2023» ЖПІШ өткізу барысында синтетикалық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері интернет-дүкеннің қатысушыларын анықтады. 18, 25 және 29 жастағы үш жергілікті тұрғын облыс орталығында синтетикалық есірткі құралдарын құпия орындарға жасырын орындарға қойып кетіп отырған.
Ұсталғандардан сатуға арналған 250-ден астам бір реттік синтетикалық есірткі дозасы, сондай-ақ мобильді құрылғылар тәркіленді. Олардың көмегімен жасырын орындарды суретке түсіріп, есеп беріп отырған. Мобильді құрылғыларды тексеру кезінде Telegram мессенджерінде «курьерлер» тауар бойынша нұсқаулар мен координаттар жазылған хат алмасу чаты табылды.
Тауар металл бетіне бекітілуі үшін ішіне магнит салып жабысқақ изолентамен ораған.
— Сараптама көрсеткендей, зерттеуге ұсынылған заттар жалпы салмағы 73 грамнан асатын «A-PvP» (скорость) психотроптық заты болып табылады. «Қара нарықтағы» бағасы 2 млн. теңгеден асады, — деді облыс ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.
Жыл басынан бері облыс полицейлері заңсыз айналымнан 200 келіге жуық түрлі есірткі заттарын тәркіледі.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press