Популярные темы

Нұртай Сабильянов: «МӘМС туралы» Заңға өзгерістер енгізуді әзірлеу қажет деп ойлаймын»

Дата: 18 июля 2023 в 17:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Нұртай Сабильянов:
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейге жұмыс сапарымен Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновпен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Сәбит Ахметов келді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық МӘМС қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халық қалаулысы мен Басқарма төрағасы екі күннің ішінде бірқатар медициналық ұйымдарда болып, облыстың медицина қауымдастығымен кездесіп, түйткілді мәселелерді талқылады. 

Бұл медициналық сақтандыру қоры басшысының өңірлерге жасаған алтыншы жұмыс сапары. Басты мақсаты — жергілікті жерлердегі нақты жағдайды көру және медициналық ұйымдар тәжірибесінде кездесетін барлық мәселелерін барынша ескеру. Ағымдағы жылдың 3 тоқсанының соңына дейін барлық өңірлермен танысу жоспарлануда.

«Менің ойымша мұндай сапарлар мен кездесулер өте маңызды және қажет. Абай облысында жақсы техникалық жарақтандыру, кадрлармен қамтамасыз етудің айтарлықтай жоғары пайызы, мықты мамандар базасы, мамандандырылған медициналық көмектің жоғары деңгейі байқалады. Иә, медицина қызметкерлерінің тәжірибесінде кездесетін проблемалық мәселелер де жоқ емес, біз оларды өзімізге жазып алдық және оларды шешу жолында жұмыс істейтін боламыз», – деп атап өтті Сәбит Ахметов медицина қауымдастығымен кездесуде.

Ал Абай облысы атынан сайланған Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов бүған дейін өңірдің аудандарын аралап, халықтың проблемалық мәселелерін өз аузынан тыңдап облыс орталығына келді.  Кездесу барысында депутат МӘМС жүйесінде мәртебесінің болмауына байланысты шалғай аудандардың тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімсіздігі туралы тағы бір проблеманы көтерді. Себептер әр түрлі: біреулердің жарналарды төлеуге қалтасы көтермейді, кейбір шалғай ауылдарда банк бөлімшелерінің, банкоматтардың болмауына байланысты төлемнің уақытылы жүргізілмеуі.

«Енді біз әрбір мәселені өз құзыретіміз шеңберінде шешуіміз керек. Атап айтқанда, Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне, бұйрықтары мен ережелеріне өзгерістер енгізу қажет. Сондай-ақ, «МӘМС туралы» Заңға және Халық денсаулығы туралы кодекске өзгерістер енгізуді әзірлеу қажет деп ойлаймын. Біз қазір барлық проблеманы бірден шешеміз деп айта алмаймыз. Бірақ, Денсаулық сақтау басқармасымен және Медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп жұмыс істегенде, бұл мүмкін деп ойлаймын. Проблемаларды шешу үшін біз бірігуіміз керек», — деп атап өтті Нұртай Сабильянов .

Айта кетерлігі, 2023 жылы облыстың медициналық ұйымдарын қаржыландыру шамамен 10 млрд теңгеге өсті – 2022 жылғы 70,1 млрд теңгеден ағымдағы жылы 80,2 теңгеге дейін.  Бүгінде облыста медициналық көмек көрсететін 65 ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде жеке меншік нысанындағы 34 медициналық нысан. Бұл барлық медициналық ұйымдардың 52%-ын құрайды. 

Сурет: Абай облысы МӘМС баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями