Популярные темы

Абай облысының полицейлеріне екі күннің ішінде 300-ден астам сұрақ түсті

Дата: 17 июля 2023 в 15:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының полицейлеріне екі күннің ішінде 300-ден астам сұрақ түсті
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында 14 және 15 шілдеде Абай облысының аумағында кең ауқымды республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сітеме жасап.

«Акцияның мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көші-қон заңнамасын сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру», — делінген хабарламада.

Әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлері азаматтардың көлік құралдарын тіркеу мен қайта жабдықтауға, жүргізуші куәліктерін беруге, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен оларға ақы төлеу тәсілдеріне, әкімшілік учаскелердегі учаскелік полиция инспекторларының жұмысына қатысты сұрақтары мен өтініштеріне жауап берді, жол қозғалысы ережелеріне, көші-қон заңнамасына түсініктемелер берілді.

Сонымен қатар, облыстың полиция басқармалары мен бөлімдерінің бірінші басшыларының қатысуымен әлеуметтік желілерде «тікелей эфирлер» өткізілді, ең көп сұрақтар Семей қаласы мен облыстың қала маңындағы трассаларында жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты болды.

Акцияның екі күнінде азаматтардан 300-ден астам сұрақ түсті.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями