Популярные темы

Бүгін еліміздің ірі қалаларында жауын-шашын күтіледі

Дата: 19 июня 2023 в 12:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бүгін еліміздің ірі қалаларында жауын-шашын күтіледі
Стоковые изображения от Depositphotos

Синоптиктер бүгін, 19 маусымда қандай ауа райы күтілетінін болжады. Бұл туралы Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Республиканың олтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Сондай-ақ, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжанған. Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Синоптиктер күндіз Жамбыл, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады деп болжады.

Бүгін еліміздің үш ірі қаласында да жаңбыр жауады. Соған қарамастан күн ыстық болады. Мәселен, Астанада күндіз +29...+31 градус ыстық болса, Алматыда ауа температурасы +33... +35 градусқа дейін көтеріледі. Ал Шымкентте +35...+37 градус ыстық күтіледі.

Сонымен қатар Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай, Жетісу облыстарында, солтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Солтүстік Қазақстанның шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Атыраудың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігі мен орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Сурет:  NUR.KZ/Владимир Третьяков

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями