Популярные темы

Экс-шенеунік Қазақстанға экстрадицияланды

Дата: 15 июня 2023 в 13:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Экс-шенеунік Қазақстанға экстрадицияланды
Стоковые изображения от Depositphotos

Грузияның әділет Министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрыңғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды. — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.

«Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді», — делінген хабарламада.

Қәзіргі уақытта, ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан видеодан скриншот

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями