Стоковые изображения от Depositphotos
Түркиялық әуетасымалдаушы Mavi Gök Aviation Астанадан Антальяға жаңа рейсін ашты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы рейс 4 маусымда Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды.
«Ұшақты дәстүр бойынша «су аркасымен» қарсы алды. Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет — сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуеқатынасы жүзеге асырылатын болады», — делінген хабарламада.
Boeing 737-800 ұшағы 189 орынға арналған. Жоғары жолаушылар ағынын сақтай отырып, әуекомпания ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ұшақты 300-ден астам жолаушы орыны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстыруды жоспарлап отыр.
Сурет «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінен
По сообщению сайта Arna Press