Стоковые изображения от Depositphotos
Абай облысының аумағында орман өрті 18:32-де оқшауланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алайда қауіп әлі де бар. Өрт оқшауланғанымен, сөндірілген жоқ.
«Қазгидромет» деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында секундына 15-20 метрге дейін екпіні бар солтүстік-шығыс жел күтіледі.
Өрттің таралуын тежеу жұмыстары жалғасуда. Бородулиха ауданы аумағының аэровизуалды тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press