Стоковые изображения от Depositphotos
Семей қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ерлер лицейін 2003 және 2008 жылдары бітірген түлектер білім ордасында кездесу ұйымдастырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағылымды кешке еліміздің әр өңірінде алуан түрлі салада қарқынды қызмет етіп жүрген түлектер қауымы қатысты.
«Лицей менің жүрегімде» атты салтанаты шарасына білім ошағының ұжымы тиянақтылық танытқан. Өйткені алғаш рет бастау алған игі іс — аса үлкен жауапкершілікке толы.
«Кеш барысында әр түлек әскери салада кешкен жолын тәрбиеленушілерге баян етті. Қилы тағдырлардың сан түрлі оқиғаларына тәнті болған тәрбиеленушер түлектермен сұхбат жүргізді. Лицейді бітірушілер «алтын ұяға» құр алақан келмепті. Бір үйдің балаларындай болып өскен олар лицей ұландарының келешегі кемел болғанын қалайды. Тәрбиеленушілердің білім сапасын арттыру мақсатында шара қонақтары лицейге интерактивті панельдер табыстады», — делінген хабарламада.
«Жас Ұлан» ерлер лицейінің іргетасы 1995 жылы құрылса, бүгінге дейін 1000 астам түлектің айнымас оқу ордасына айналған. Лицей бітірушілердің басым бөлігі күштік құрылымдардың барлық саласында табанды қызмет атқаруда. Айталық, алғашқы түлектер полковник шенінде қызмет атқарса, соңы курсант шенінде жоғарғы оқу орнында білім алуда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы аумағаныда әскериленген мектептер арасында, тек «Жас Ұлан» ерлер лицейі бесінші сыныптан бастап казармалық жағдайда оқытады.
Сурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press