Популярные темы

Jusan Invest қазақстандық инвестор портретін көрсетті

Дата: 27 апреля 2023 в 14:56 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Jusan Invest қазақстандық инвестор портретін көрсетті
Стоковые изображения от Depositphotos

Компания өз роликтерінде әртүрлі адамдар оқиғасын баяндады. Онда әр адам өзін немесе жақынын тани алады. Өйткені инвестор болу үшін Уолл-стриттің қасқыры болу шарт емес. Аспаз, механик, кеңсе қызметкері, тіпті жай Ана да инвестор бола алады.

Өзіңізге қолайлы кез келген сомамен инвестициялауға болады. Қолыңыздағы артық ақшамен бастап, қаражат көбейсе, арттырып отыру маңызды. Мысалы, Jusan Invest 100 теңгеден бастап инвестициялауды ұсынады. 

«Біз терең қаржылай білімі бар, костюм киіп жүретін жағдайы бар адамдар ғана инвестиция жасай алады деген аңызды жоққа шығарғымыз келеді. Инвестиция — депозит секілді ақша көбейту құралдарының бірі. Бұл жерде ең бастысы — бастап кету, бар жауапкершілікті өз қолыңа алу және қаржыңа қамқорлық таныту», — дейді Jusan Invest Басқарма Төрағасы Максим Кабанов. 

Орталық депозитарий мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ұйымның номиналды ұстау жүйесінде 1 188 000-нан астам брокерлік шот тіркелген. Бұл рекордтық көрсеткіш. Оның 99%-ы қазақстандықтарға тиесілі екенін де айта кеткен жөн. Статистика қор нарығының танымалдылығы елдегі инвестициялық сауаттылықтың артып келе жатқанының көрсеткіші екенін көрсетеді.

Jusan Invest тек қаржылай инвестициялау туралы ғана ойламайды, сонымен қатар өз клиенттерінің білімге инвестиция жасауына да ат салысады. Мысалы, Jusan Academy-де инвестицияны енді бастап жатқан және тәжірибелі инвесторларға арналған сабақтар бар. Курсты тікелей Jusan қосымшасында тегін оқуға болады. Ол үшін мобильді қосымшаны жүктеп, тіркеліп, брокерлік шот ашу қажет. Үйден ешқайда шықпай-ақ, барлығын онлайн жасауға болады. 

Инвестиция нарығы қалай жұмыс істейтінін көбірек білген сайын, ақша салу туралы шешім қабылдау оңай болады. Ал тәуекелге бармай, бірінші тәжірибе жинағысы келетіндер үшін компания демо-шотпен бастауды ұсынады. Бұл инвестицияны еш тәуекелсіз және ақшалай шығынсыз тәжірибе жинауға көмектеседі. 

Инвестиция — бұл тек қосымша табыс көзі ғана емес, өз қаражатыңызды инфляциядан қорғау жолы. Сол себепті, егер болашақтағы қаржыай жағдайыңызды ойласаңыз, бүгіннен бастап ақша басқаруды үйреніңіз. 

Инвестициялар сен үшін — мүмкіндіктер сен үшін! 

© 2004–2023 «First Heartland Jusan Invest Акционерлік қоғамы»

ҚНРДА лицензиясы №3.2.239/16, 25.06.2021

Jusan Invest разместит простые акции почти на 39 млрд тенге

Jusan Invest возглавил Максим Кабанов

Стоимость акций КМГ недооценена — Jusan Invest

Подпишитесь на недельный обзор главных казахстанских и мировых событий

По сообщению сайта kapital.kz

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями