Стоковые изображения от Depositphotos
Алматыда Шолохов көшесіндегі саябақта денесі табылған әйелдің өліміне күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот санкциясы бойынша, 1962 жылы туған И. есімді ер адам тұтқындалған.
«Күдікті жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыс жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды», — делінген ведомство хабарламасында.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайтыны хабарланды.
Сондай-ақ, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press