Популярные темы

Павлодар облысында көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші анықталды

Дата: 01 декабря 2022 в 13:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Павлодар облысында көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші анықталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Павлодар облысында көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

29 қарашада сағат 00:30 шамасында Ақсу қаласында Қамзин көшесіндегі 18 үйдің ауласында полиция қызметкерлері 31 жастағы жүргізуші ұсталды.

«Анықталғандай, ол AUID-80 көлігін мас күйінде басқарған. Медициналық куәландыру қорытындысы мұны растады», – деп хабарлады Павлодар облысы Ақсу қаласы жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.

Сондай-ақ тексеру барысында жүргізуші бұрын мас күйінде жүргені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Осы факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал шешім қабылдау үшін Ақсу қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына қарауға жіберілді.

Айта кетейік, Павлодар облысында биылғы жылдың басынан бері 1265 мас жүргізуші жауапқа тартылды.

Фото: oir.mobi

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями