Стоковые изображения от Depositphotos
Ақмола облысының 2 мыңнан астам азаматы қаржы пирамидасынан зардап шеккен, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМА Ақмола облысы бойынша департаментімен «River Coins Limited» қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
«Ұзақ уақыт бойы желілік маркетингпен айналысып келген Г.У.Оралбаеваның қаржылық пирамида жүйесі негізінде жеке тұлғалардан ақша тарту арқылы табыс табу мақсатында компания құруға бел буғаны анықталды. Оралбаеваның «River Coins Limited» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 2000-нан астам жеке тұлға тартылған, келтірілген шығын көлемі 18 миллион теңгеден асады», – деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.
Сот Оралбаеваны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Фото: Bag.kz
По сообщению сайта Arna Press