Популярные темы

«Ветеринар болуды бала кеден армандадым» – Дарья Мелкумова

Дата: 22 июня 2022 в 23:49


«Ветеринар болуды бала кеден армандадым» – Дарья Мелкумова
Стоковые изображения от Depositphotos

Ветеринардың кабинеті дәрігердің емес, иесіз ит-мысықтардың бөлмесіне көбірек ұқсайды. Олардың көбісіне адам баласы қорлық көрсеткен.

«Мен қайда шығып, қайда түспедім десеңізші. Кәріз құдығына да түсіп, итті алып шықтым. Үсті-басымның бәрі сасып кетті. Ағашқа да өрмелеп, мысықты алып түсті. Бармаған жерім қалмады десем де болады, ауа райына қарамастан, жануарларды құтқаруға түнде де шығып жүрдім», – дейді Дарьия Мелкумова.

Ағаштан түсе алмай тұрған мысыққа шығу немесе кәріз құдығынан қорықпай түсу, түн ішінде бұзақылардың қолынан арашалап алу және емдеу. Осының бәрі өзі нәзік Дарья Мелкумованың бойынан табылады. Айтуынша, мал дәрігері мамандығын кездейсоқ емес, кең жүрегінің қалауымен таңдаған. Міне, енді 7 жылдан бері күндіз-түні төр аяқты достарын емдеп-жазуда.

«Соңғы рет маған біреулер сурет жіберіп, Қайтпаста мысыққа қышқыл шашып жібергенін айтты. Түн ішінде барып, тауып, емдеп жаздым. Қазір үйімде, аты Фиксик, мұрны, ерні, екі құлағы жоқ… Бір көзі сығырайып қалған, бірақ, жаны тірі. Міне, ең таңқаларлық жағдай осы болды,-дейді Дарьия Мелкумова..

Дашаның әңгімесін бей-жай тыңдау мүмкін емес. Адамдардың қаталдығы қорқытады. Бірақ, Дарья қайтпайды, айтуынша, соңғы құтқарған үш аяқты мысығына асырайтын отбасын да тауып берген.

«Бір пабликтен үсті-басы дәкемен оралған мысықтың суретін көрдім. Барып, қарасам, мысықтың терісі, сүйегі, еті іріңдеп кеткен, өте аянышты халде екен. Сондықтан, жаралы аяқты тек кесуге тура келді, себебі енді қалпына келмейді, екі айдан бері солай жүрген екен. Осы емханада үш аптадай болып, қалпына келді, содан кейін жанашыр отбасыға бердім. Қазір ол отбасы маған мысықтың фотосын жіберіп тұрады, үш аяқты, өзі маңғаз, кереуетте жатыр. Осындай жағдайына қарамастан асырауға алған мейірімді Еленаға алғысым шексіз», – дейді Даша.

Дарьяның үйінде осылайша тауып алған 10 мысық пен 4 ит бар, ал еріктілердің мүмкіндіктері шексіз емес… Мұндай жағдайдың алдын алудың жалғыз жолы – иесіз ит-мысықтарды мемлекет тарапынан жаппай стерильдеу. Дарья да осыны бірнеше жылдан бері жоғары жақа жеткізгісі келеді, әзірге нәтиже жоқ дейді.

«Мен әкімдікке бардым, бірнеше рет жануарларды стерильдеуге қаржы бөлуді сұрадым. Болмағанда қаңғыбас ит-мысықтарға бөлінетін қыруар қаржыдан беріңіздер дедім. Себебі, жануарлар көптеп өлтіріледі. Бірақ, өкінішке қарай, әзірге бюджетте бұл мақсатта қаржы жоқ дейді. Сондықтан, әзірге өз қаржымызға жүргізіп жатырмыз», – дейді ветеринар.

Ветеринар Дарья Мелкумова қаржы тапшылығы мен басқа да қиындықтарға қарамастан үй жануарларын құтқаруды және емдеуді тоқтатпаймын деп отыр. Тек, иелері қанша ақша берсе де ит пен мысықты мәңгі ұйықтатуға қолым бармайды дейді.

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Біздің жобаға https://chat.whatsapp.com/IdfTPIpLCqdDD8pusalsBJ сілтемесі арқылы қосылуға болады.

Последние новости Шымкента:

По сообщению сайта Vera.kz

Поделитесь новостью с друзьями