Популярные темы

«Араға 21 жыл салып». 2021 жылы балалы болған танымал қазақстандықтар 29 декабря 2021, 10:44

Дата: 29 декабря 2021 в 10:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Статистикалық мәлімет бойынша, биылғы дерекке сәйкес, Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 6 295 590 бала бар. Он жыл бұрын еліміздегі балалар саны 4,8 миллион болған. Биыл шоу-бизнес және спорт әлемінде балалы болған танымал қазақстандықтар да бар. Tengrinews.kz тілшісі 2021 жылы балалы болған танымал қазақстандықтарға шолу жасады. 

Тәуекел Мүсілім

Қазақстандық актер, тележүргізуші Тәуекел Мүсілім биыл 8 қаңтарда әке атанды. Тәуекел мен оның жары қарағандылық Махаббат Түктібаева ұлды болды. Есімін Айтөре деп қойған. Актер жарын 2019 жылдың қарашасында көпшілікке таныстырған болатын.  

Тәуекел Мүсілім отбасымен. Фото: instagram.com/mahonti__

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл 761 балаға Айтөре есімі берілген.  

Тамара Асар

Биыл шілдеде Желіде әнші Тамара Асардың тұрмыс құрғаны туралы ақпарат тарады. Әншінің продюсері Жан Мұқанов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл ақпаратты растады. Тамара Асар осыдан екі жыл бұрын тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Көп ұзамай биыл қыркүйекте әнші екінші баласын босанды.

Өнер иесі қуанышты хабарын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Тамара Асар қыз босанды. Есімін Ажар деп қойды. 


Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Айгүл Мүкей

Биыл 6 сәуірде журналист, тележүргізуші Айгүл Мүкей үшінші баласын босанды. Журналистің Асанәлі есімді ұлы мен Хабиба есімді қызы бар. Үшінші ұлының есімі Сұлтан Али. Жеке өмірі туралы тіс жармайтын журналист балаларының әкесі кім екенін жария еткен емес. 

Айгүл Мүкей балаларымен. Фото: instagram.com/aigulmukei

Кентал

Кентал лақапатымен белгілі Талғат Кенжеболатов 2020 жылдың сәуірінде шаңырақ көтерді. Жары Милана өзінен 14 жас кіші. Биыл мамырда әнші ұлды болды. Тұңғышының есімін Азамат деп қойған. Ұлының есімін әншінің әкесі қойған. 

Кентал жары Миланамен. Фото: instagram.com/kentalkz 

Төреғали Төреәлі

25 маусымда әнші Төреғали Төреәлінің бесінші баласы өмірге келді. Әнші ұлына ерекше есім қойған: Төремұхаммедәли. 

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, бұл есімге қатысты пікір жазған. 

«Ерекше есім болды ғой, атына заты сай азамат болсын», «Ауыр есім екен. Балаға жеңіл есім қойған дұрыс еді... Есімінің ауырлығы болмай, аман-есен өсіп кетсін», «Негізі өте ауыр есім, дегенмен, соны алып жүре алатындай мықты азамат болсын», «Бауы берік болсын», — деп жазды желі қолданушылары. 

Айта кетейік, бүгінде әнші мен жары Толқынның бес баласы бар: олар Томирис, Тоғжан, Фатима есімді қыздары және Төренұр, Төремұхаммедәли есімді ұл тәрбилеп отыр.


Фото: instagram.com/toregalitoreali

Гүлнара Сильбаева

Актриса Гүлнара Сильбаева биыл тамызда ана атанды. Актрисаның Instagram-дағы жазбаларына сүйенсек, ол ұлын жеті айлығында босанған. 

«Сен бүгін (20 қазанда-еск.) бүгін тууың керек еді. Бірақ сен екі ай бұрын өмірге келдің. Таңғажайып әлемге қош келдің, Зейн, біздің кішкентай әрі батыл ұлымыз! Біз әкең екеуіміз сені қатты күттік. Сен де асыққан көрінесің», — деп жазды актриса. 

Фото: instagram.com/naarah_s

Жанқош Тұраров

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың биыл наурызда үшінші қызы өмірге келді. Есімін Ханна деп қойды.

Боксшы 2016 жылдың қарашасында шаңырақ құрған. Жұбайының есімі — Клара. Тойды Алматы қаласында өткізді. Бүгінде екеуінің Алиянна, Ясина және Ханна есімді қыздары бар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Клара Иса (@klarita_os)

Өмірқұл Айниязов

Әнші Өмірқұл Айниязовтың биыл араға 21 жыл салып екінші баласы өмірге келді. Қуанышты жаңалықты әнші Gender party жасаған сәттің видеосын салып бөліскен болатын. 

«Құрметті ағайын, Өмірқұл балаларыңыз араға 21 жыл салып, XXI ғасырда, 2021 жылы қызды болды. Біздің үйде үлкен қуаныш!!!», — деп жазды әнші. 

Әншінің айтуынша, ол мұндай жаңалықты ұзақ күткен. Қызына Айсезім деп ат қойған. Одан бөлек, әншінің Нұртуған есімді ұлы бар. 


Фото: instagram.com/omirkul_ainiyazov

Сабина Алтынбекова

Волейболшы қуанышты хабарды 6 қазанда Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, ұлы өмірге 5 қазанда келген. 

«Бірде-бір ер адамды сені күткендей күткен емеспін, ұлым. Махаббат пен қамқорлыққа толы отбасына қош келдің», — деп жазды волейболшы.

Сабина Алтынбекова отбасымен. Фото: instagram.com/altynbekova_20

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2020 жылдың желтоқсанында тұрмысқа шыққанын мәлімдеген болатын. Ол алматылық кәсіпкер және продюсер Саят Салманұлына тұрмысқа шықты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями