Популярные темы

Саясат, тарих, жер мәселесі. Елбасы жазған 10 кітап 01 декабря 2021, 14:15

Дата: 01 декабря 2021 в 14:23


Саясат, тарих, жер мәселесі. Елбасы жазған 10 кітап
                01 декабря 2021, 14:15
Стоковые изображения от Depositphotos

Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 30-ға тарта кітаптың авторы. Оның қаламынан шыққан туындылар тарих, саясат, экономика сынды түрлі тақырыпты қамтиды. 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орай Tengrinews.kz тілшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың айтулы кітаптарын еске алуды жөн көрді. 

«Тәуелсіздік дәуірі»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы — өзгерістерді қалай басқаруға болатынын, ұлттың жаңғыруына серпіліс жасауына және тарихи мүмкіндіктерді шындыққа қалай айналдыруға болатыны туралы жазылған іргелі еңбек. Сондай-ақ кітапта Қазақстанды жаңғыртудың үш толқынының мағынасы, қоғамдық және жеке дипломатияның бірегей мысалдары сипатталады. Кітап Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының және әлемдік аренадағы саясаттың белгісіз фактілерін ашып көрсетеді. 

Автор кітабында табысты басқарушының негізгі ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар нақты тұлғаларды мысалға ала отырып, олардың артықшылықтары туралы да жазған. Мәселен, кітапта Нұрсұлтан Назарбаевты ұзақ жылдар бойы достық қарым-қатынас байланыстырған Владимир Путиннің ең мықты харизмасы мен өзін-өзі дамытуға, ізденуге деген қабілеттілігі, реформатор Ли Куан Юдің көрегендігі мен батыл шешім қабылдай алу қасиеті жайында сөз қозғалған.

«Кітаптың ерекше есте қаларлық сәттерінің бірі — мемлекеттік шекараларды межелеу жөнінде ҚХР көшбасшысы Цзян Цзэминьмен жүргізген келіссөздері туралы бөлім. Сарапшылар деңгейіндегі келіссөздер аяқталған соң, мәселе ең жоғары деңгейге жетті. Сол кезде Қытай басшысы Назарбаевқа бұл мәселе қазір шешілмесе, болашақта екі есе күрделене түсетінін айтты. Біздің Президентіміз даулы аумақтар бойынша келесідей шешім қабылдауға ұсыныс жасады: Қазақстанға — 53 пайыз, Қытайға — 47 пайыз», — деген еді Ғани Нығыметов primeminister.kz сайтының журналистеріне.  

«Еуразия жүрегінде»

2005 жылы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген бұл кітап «Астана аңсары», «Қала шежіресі» және «Елорда эстетикасы» деген үш тараудан тұрады. Аты айтып тұрғандай — кітап елордамыздың құрылуы туралы. Елбасы онда «Астананы құру — ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазу. Мұндай мәртебе әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екі мыңжылдықтың тоғысында біз шешім қабылдап, Еуразияның жүрегінде іс жүзінде жаңа астана құрдық. Астананың бедері мен әсемдігі, бір сөзбен айтқанда, жаңа елордаға арналған менің ойларым мен істерім — бәрі-бәрі осында» деп көрсеткен. 

Кітаптан үзінді: «Дәуірдің табы мен мәнері екі-үш айшықты сызбамен бейнелене береді. Эйфель мұнарасы, Вестминстер, Кремль... Бұл астаналық нышандар — әлем картасының ең үздік жолбасшылары. Олар бұл күнде солай жаратылған сияқты қабылданады. Алайда олар белгілі бір адамдардың дарынымен және еңбегімен жасалған. Астананы құру — ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазу. Мұндай мәртебе әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екі мың жылдықтың тоғысында біз шешім қабылдап, Еуразияның жүрегінде ic жүзінде жаңа астана құрдық. Қас қағымдай болып сегіз жыл өте шықты. Күнделікті қауырт тіршіліктен қолым қалт еткенде, мен осы кітапта күнделік жазбаларымның шашыраңқы беттерін біріктіруді ұйғардым. Күрделі шешімдер, қанаттастардың көмегі, сәулет саласындағы ізденістер, қаланың болашағы туралы ойлар, өлкенің аңыздары мен жер-су атаулары, тұрмыстың түйткілдері, тарихи салыстырмалар, Астананың бедері мен әсемдігі, бір сөзбен айтқанда, жаңа елордаға арналған менің ойларым мен істерім — бәрі-бәрі осында».

«Стальной профиль»
 
Бұл кітапта Қазақ КСР-нің металлургиялық базасын құрудағы КОКП қызметі баяндалады. Өзінің еңбек жолын металлургия комбинатынан бастаған автор — осынау жас кәсіпорын қол жеткізген жетістіктер қалаушысы әрі куәгері.

«Ғасырлар тоғысында»

«Ғасырлар тоғысы» кітабында ел болудың алғашқы қадамдары айтылады. Ол 1996 жылдың 23 сәуірінде жарық көрген. Автор шығармасында әлемнің әр елінің жаңаруының өз ерекшілігі барын баса айта отырып, Қазақстан дамуындағы саяси мәселелердің күрделі табиғатына назар аударуға көмектеседі.

Кітапта дүниежүзілік даму барысында зор ықпалын тигізетін ұлтаралық қатынас мəселесіне кең орын берілген. Ұлттық, этникалық қатынастардың, сондай-ақ кіші ұлттар өміріндегі процестердің ХХ ғасырдың екінші жартысында отарлаушы империяларды күйретіп, жаңа мемлекеттердің құрылуында да ерекше роль атқаратынын атап өтеді. Автор осы ғасырдың соңғы кезеңінде болған ғаламат құбылыс — КСРО-ның ыдырауына да осы тұрғыдан қарайды. Бұл арада негізгі екі себеп тілге тиек етіледі. Біріншісі — бұрынғы Кеңес Одағының қару-жарақ саласындағы бəсекелестікпен əскери стратегиялық бірқалыптылықты сақтау жарысында ғылыми-техникалық жағынан жеңіліс табуы. Екіншісі — ұлттық мəселелерді шешудегі жəне осы саладағы қарым-қатынасты реттеудегі қабілетсіздігі. «Көптеген саясаткер пікірі бойынша, бұл ең басты себеп», — дейді автор.

«Тарих толқынында» 

Автор тарих тұңғиығымен тамырласып жатқан қазақ ұлтының ұлы тұлғасын кезеңдік бұрылыстарда тарих сахнасына шығара білу, ұлттық үндестігіміздің мән-маңызын түсіну тұрғысында сөз етеді. Кітапта қазақ халқының тарихы өркениеттік дамуы жағынан да, мазмұны жағынан да ерекшелігімен дараланады. Онда қазақ халқының батылдығын, күш-жігері мен ар-намысын сынға алған ұлы оқиғалар баяндалған.

«Қазақстан жолы» (2012)

Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл — Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді.

Бөлімдері:

I. Тәуелсіздік стратегиясы
II. 1995 жылғы Конституция
III. Каспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
IV. Теңге — біздің тәуелсіздік нышанымыз
V. Мемлекеттік меншіктен — жеке меншікке
VI. Ұлттық қаржы жүйесі
VII. Жер мәселесінің эволюциясы
VIII. Жұлдыздарға жол салған Қазақстан
IX. Жаңа дәуірдің жаңа астанасы

«Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы»

Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз асқақ армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық мүдде, бір сәттік жеке бастың материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтып соның салдарынан өоғамдық азғындау басталады. Бүгінде әркімге біздің қозғалысымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты тұжырымдамасы, міне, соңдықтан да қажет. (Дәуір, 1992)

Қазақстан жолы
 
Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл — Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді.

«Әлемнің эпицентрі»

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алған соң егемен Қазақстанның тағдыры мен даму векторын айқындаған көптеген маңызды тарихи шешім қабылдады. Олардың ішіндегі ең бастысы — Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы және КСРО ыдырағаннан кейін ядролық қарудан бас тартуы. «Әлемнің эпицентрі» кітабында Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған бұл шешімнің түпкі себептері мен қисыны, оның соғыстар мен жаппай қырып-жою қаруынан азат әлем үшін тынымсыз күресі туралы, сондай-ақ «ядролық қарудың» қажетсіз және зиянды анахронизм екені жазылған.

Елбасы бұл кітабында »....біз өз ядролық қорқыныштарымызды ығыстырып, біздің тарапымыздан қол жеткізген барлық адамды құтқардық... біз елдің жаңа ядросыз тарихын құрдық-әлемдік қауіпке қалай көтерілу керектігі туралы жаңа повестивтік дәстүрді қаладық» деген.

Кітаптан үзінді: «Тек беделді түсініктерді негізге ала отырып ядролық қаруды сақтағанда, біз әлемдегі ең үздік бес стратегиялық державаға кіре аламыз және бір мезгілде тағдырдың көшбасшысы бола алатынбыз, оның өлтіретін атомдық арсеналының күшін көрсете білетінбіз. Бірақ, ішкі ойлар мен сыртқы жағдайлар бізді осы «ядролық» жолды ұстануға мәжбүр ете алмайды. Бүгінде, шамамен он жыл өткеннен кейін, мен шешіміміздің дұрыстығына және тарихи маңыздылығына көбірек сенемін».

«Сындарлы он жыл»

Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады.

Дереккөздер: strategy2050.kz, elbasy.kz, egemen.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Владимир Путин
Поделитесь новостью с друзьями