Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 98

Таразда мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың ұлдарына сот үкім шығарды

Arna Press, 07 апреля 2023 в 16:58

Таразда мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың ұлдарына сот үкім шығарды
Тараз қаласының №2 соты алаяқтық бойынша айыпталған 4 адамға қатысты қылмыстық істі қарады. Айыпталушылардың арасында «Ауыл» партиясынан сайланған депутат Жигули Дайрабаевтың ұлдары: Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаев бар, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев, кәсіпкерлер Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаев, сондай-ақ Елібай Елжан субсидиялау тәртібін бұзған.Сот таратқан мәлімет бойынша, олар сатып алынған «Альбион» құлпынай көшеттері үшін (оларды шаруа қожалықтарына рәсімдеп) мемлекеттік субсидиялар алған. Қаражаттың бір бөлігі алаяқтық жолымен ұрланып, жеке қажеттіліктеріне жұмсалған, осылайша мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде залал келтірген.Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалыққа 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тағайындауды, Ерлан Құлкеевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын; Елібай Елжанның мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Абай облысында полиция қызметкерлеріне арналған мобильді қосымшасы іске қосылды

Arna Press, 07 апреля 2023 в 13:58

Абай облысында полиция қызметкерлеріне арналған мобильді қосымшасы іске қосылды
Полиция қызметкерлеріне арналған «Сергек қорғау» мобильді қосымшасы Абай облысында іске қосылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қосымшаның көмегімен полиция қызметкерлері іздеу жарияланған көліктерді және қала жолдарындағы қауіпті жүргізушілерді жылдам таба алады. Қосымша патрульдік полиция қызметкерлерінің планшеттеріне орнатылған және Сергек аппараттық-бағдарламалық жүйелерімен біріктірілген. Қосымшаның «Сергек» интеллектуалды жүйесімен біріктірілуі көлік ағынындағы іздеу жарияланған көліктерді анықтауға және полиция операторларына мобильді құрылғыларға автоматты түрде хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.

Семейдегі инватакси мәселесіне назар аудару қажеттігі айтылды

Arna Press, 07 апреля 2023 в 13:58

Семейдегі инватакси мәселесіне назар аудару қажеттігі айтылды
Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың ең басты мәселесі — баспана. Олардың көпшілігі екінші нарықтан баспана сатып ала алмайды. Сонымен қатар, жаңа пәтер алуда да белгілі бір кедергілер бар, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбековтың қатысуымен өткен мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу барысында талқылады.Сонымен қатар шарада мүмкіндігі шектеулі жандар жалғызбасты мүгедектер үшін бір бөлмелі пәтерлерді көптеп пайдалануға беруді сұрады, сондай-ақ протездердің тым қымбаттығын да көтерді.

Семейдің өз «Versace» бар

Arna Press, 06 апреля 2023 в 18:08

Семейдің өз «Versace» бар
Ерекше лақап атпен танымал Владимир Ротанов өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығының қызмет алушысы. Arnapress.kz тілшісі жанына ерекше істі серік еткен азаматтан сұхбат алып, мұндай лақап атқа қалай ие болғанын біліп қайтты.65 жастағы зейнеткер Владимир Ротанов үшін өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы туған үйіндей.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер қатынастары саласына қатысты заңға қол қойды

Arna Press, 06 апреля 2023 в 15:38

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер қатынастары саласына қатысты заңға қол қойды
2023 жылы 4 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер қатынастары саласына қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда сайтында.Заң мақсаты — жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру болып табылады.Сондай-ақ аталған заң жобасын қабылдау тұрғындар мен бизнес-құрылымдарының жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге, жер қатынастары және қала құрылысы саласында жемқорлық тәуекелдерді төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша қосарланған процестерді алып тастауға мүмкіндік береді.Республикалық маңызы бар қалалар, Астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде ғана электрондық форматта жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданды.

ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері 128 кг астам марихуананы тәркіледі

Arna Press, 06 апреля 2023 в 13:18

ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері 128 кг астам марихуананы тәркіледі
ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында аса ірі мөлшерде есірткі затын өткізудің жолын кесті.Ағымдағы жылдың 29 наурызында Өскемен қаласының гараж кооперативтерінің бірінде 32 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында қыс мезгілінде 121 адам құтқарылды

Arna Press, 06 апреля 2023 в 10:08

Абай облысында қыс мезгілінде 121 адам құтқарылды
Биылғы қыс тұрғындарға да, құтқарушыларға да оңай болған жоқ. Алексей Штыкель Абай облысының ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, қысқы кезеңде облыстық штабтың жұмысын ұйымдастыру үшін төрт жедел топ құрылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі – Бөлім облыстың ең қарлы аймақтарында 30 бірлік өту мүмкіндігі жоғары техниканы тұрақты жауынгерлік әзірлікте ұстады. Қыста қиын жағдайға тап болған адамдарды орналастыру үшін 30 жылу пункті (республикалық маңызы бар жолдарда – 21, облыстық маңызы бар жолдарда – 9) дайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Алтынғазыұлы Мұқышев Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымына тағайындалды

Akorda.kz (KZ), 06 апреля 2023 в 09:36

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Алтынғазыұлы Мұқышев Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымына тағайындалды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 05 апреля 2023 в 18:06

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды

Arna Press, 05 апреля 2023 в 13:38

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды
Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалды.

Өскеменде өртеніп жатқан үйден 15 адам эвакуацияланды

Arna Press, 05 апреля 2023 в 11:58

Өскеменде өртеніп жатқан үйден 15 адам эвакуацияланды
Өскеменнің құтқарушылары көпқабатты үйдегі өрттен 15 тұрғынды эвакуациялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 сәуірде Сәтбаев даңғылы бойындағы 10 қабатты тұрғын үйден өрт шыққан.«Бірінші қабаттағы пәтер мен балкон өртенді.

Семейде қаланың келбетін бұзып тұрған дүңгіршектерді орынынан алып жатыр

Arna Press, 04 апреля 2023 в 13:18

Семейде қаланың келбетін бұзып тұрған дүңгіршектерді орынынан алып жатыр
Осы жұмыс аясында Семей қаласының жер қатынастары бөлімі мониторинг барысында 20 квартал мекенжайы бойынша «Хлебная лавка» дүкенінің маңында заңсыз орнатылған контейнерді анықтады. Хабарлама тапсырылғаннан кейін бұл нысан алынып тасталды.Заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен гараждарға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Балхашский «Қазақмыс Смэлтинг» оштрафовали на 4,5 миллиона тенге за нарушение экологического законодательства

EKaraganda.kz, 04 апреля 2023 в 12:15

Балхашский «Қазақмыс Смэлтинг»  оштрафовали на 4,5 миллиона тенге за нарушение экологического законодательства
Сегодня, 4 апреля, на базе Региональной службы коммуникаций Карагандинской области прошел брифинг, посвященный деятельности компании «Қазақмыс Смэлтинг». Исполняющий обязанности руководителя департамента экологии Дархан Исжанов отчитался о проверках на предприятии и найденных нарушениях. В ходе визуального осмотра технологического и пылеочистного оборудования цеха шихтоподготовки (ЦПШ) экологи обнаружили нарушение требований и правил эксплуатации групповых циклонов ЦН-15 установленных за сушильными барабанами.В медеплавильном цехе (МПЦ) был вывлен целых ряд нарушений, касающихся: — правил эксплуатации пылеочистного оборудования установленными за печами Ванюкова ПВ-1, ПВ-2. (наблюдается выбивание дымовых газов из-под смотровых люков пылевых камер, нарушение герметичности корпуса циклонов ЦН-24); — правил эксплуатации пылегазо-очистного оборудования (пылевой камеры и циклонов ЦН-24), установленных за конвертерами конвертерного участка; — при визуальном осмотре на печах Ванюкова ПВ-1, ПВ-2 происходит интенсивное неорганизованное выбивание дымовых газов; — на территории анодного участка, под эстакадой сборных газоходов под бункерами выгрузки аспирационной пыли в автомашины, скопление и россыпи мелкодисперсной пыли, являющийся вторичным антропогенным загрязнением атмосферного воздух пылью; — из-за неэффективной работы системы улавливания (аспирации) образующихся газов при сливе штейна, отвороте, повороте конвертеров наблюдается пылегазообразование и неорганизованный выброс дымовых газов и загрязняющих веществ через щели и аэрационные фонари крыши, а также образование на уровне крыши низового антропогенного загрянения окружающей среды;На участке пылеулавливания сернокислотного цеха (СКЦ) нарушение требований работы пылегазоочистного оборудования (ПГОУ) сухих фильтров СЭФ №5: отмечается прогар корпуса электрофильтра, несоблюдение вольт-амперных характеристик работы электрофильтра.По результатам проведенных лабораторией Департамента инструментальных замеров, выявлены превышения установленных нормативов предельно-допустимых выбросов (ПДВ) по сернистому ангидриду (диоксид серы) аспирационных газов на ист.

Астанада элиталы тұрғын үйде притон ұстаған қылмыстық топ ұсталды

Arna Press, 04 апреля 2023 в 10:48

Астанада элиталы тұрғын үйде притон ұстаған қылмыстық топ ұсталды
Астанадағы элиталы тұрғын үйде притон ұстаған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Нұрмағамбетовтың айтуынша, Астанада 6 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың қылмыстық қызметі әшкереленді, ол жыл бойы жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұстаумен айналысқан.
Показано 30 новостей из 4 652