Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 9

Республикалық кадрлық резервке өткен Абай облысының 11 мұғаліміне сертификат табысталды

Arna Press, 28 ноября 2024 в 22:08

Республикалық кадрлық резервке өткен Абай облысының 11 мұғаліміне сертификат табысталды
Абай облысынан биыл 11 мұғалім сертификат алды. Енді олар конкурссыз қызметке тағайындала алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Резервистермен кездесуде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім сапасын арттыру және педагог кадрлардың кәсібилігін арттыру мен даярлау жөніндегі басым бағыттарға тоқталды.Іріктеу бес кезең бойынша өтті: кәсіби және басқарушылық құзыреттерді бағалау бойынша тестілеу, оқу, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және республикалық комиссиядан әңгімелесуден өту. Үміткерлерді іріктеу және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды Педагогикалық шеберлік орталығы жүргізді.Барлық бес кезеңінің қорытындысы бойынша елімізден 376 үміткер Республикалық кадр резервіне алынды.

Қазақстан мен Ресей қандай құжаттарға қол қойды

Arna Press, 28 ноября 2024 в 13:08

Қазақстан мен Ресей қандай құжаттарға қол қойды
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Қол қойылған құжаттар тізімін Ақорда жариялады.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2024-2028 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасы;2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2024-2028 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теміржол көлігін және инфрақұрылымын, автомобиль жолдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы автомобиль және теміржол өткізу пункттерін дамыту саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы келісім;4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы «Сырым» (Қазақстан Республикасы) және «Маштаково» (Ресей Федерациясы) өткізу пункттері арасындағы Таловая өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін және оған кірер жолдарды реконструкциялау, күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау тәртібі туралы келісім;5. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі арасындағы теңіз кемелері экипажы мүшелерінің дипломдарын өзара тану туралы келісім;6 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағын нөмірлеуді пайдалану туралы келісім;8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;9. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Челябинск мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің Қостанай филиалының қызметі туралы келісім;Сонымен қатар президенттердің қатысуымен екі ел делегацияларының мүшелері төмендегідей құжаттармен алмасты:10.

Әдеп — қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар.

Магнолия, 28 ноября 2024 в 12:08

Әдеп — қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар.
Әдеп — қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы,жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатып отырады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп түрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді. Әдептілік — адам бойында бірден бола қалмайды.

Мемлекеттің өзегі – мемлекеттік тілі.

Магнолия, 28 ноября 2024 в 12:08

Мемлекеттің өзегі – мемлекеттік тілі.
Мемлекеттік тіл мәртебесі конституцияда бекітілген мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді.

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Akorda.kz (KZ), 28 ноября 2024 в 01:16

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Абай облысының полиция қызметкерлері алаяқтар қолды еткен халықтың 11 миллион теңгеден астам қаражатын қайтарды

Arna Press, 27 ноября 2024 в 16:38

Абай облысының полиция қызметкерлері алаяқтар қолды еткен халықтың 11 миллион теңгеден астам қаражатын қайтарды
Жыл басынан бері Абай облысында 660 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген, — деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құқық қорғау органдарының қабылдаған шараларының нәтижесінде азаматтарға 11 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды, бұл әрекет 60-тан астам факті бойынша жүзеге асырылды.

12 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

Arna Press, 27 ноября 2024 в 15:38

12 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
Жауапты ведомство қанша қазақстандық әлеуметтік төлем алатындығын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады.

Полиция Абай облысындағы ең қауіпті ойын-сауық орындарының рейтингін жасады

Arna Press, 27 ноября 2024 в 14:48

Полиция Абай облысындағы ең қауіпті ойын-сауық орындарының рейтингін жасады
Жыл басынан бері полицияға ойын-сауық орындарына қатысты 1818 шағым түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәліметтерге сәйкес, «102» арнасына түскен хабарламалар, сондай-ақ полицияға тіркелген өтініштер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар негізінде Абай облысындағы ең қауіпті мекемелердің рейтингі жасалды.

Семейде колледж өртенді

Arna Press, 27 ноября 2024 в 14:48

Семейде колледж өртенді
Семей қаласындағы Морозов көшесінде колледждердің бірінде бірінші қабатта өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шақыру орнына жеткеннен кейін өрт сөндірушілер кабинетте жиһаз бен төбенің бөлшектері жанғанын анықтады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін барлық студенттер мен қызметкерлер өз бетінше далаға шықты.«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Қазақстандықтардың жеке деректерін қорғауға «ақ хакерлер» тартылады

Arna Press, 26 ноября 2024 в 19:28

Қазақстандықтардың жеке деректерін қорғауға
2024 жылғы 26 қарашадағы үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.IT саласының дамуы туралы баяндаманың қорытындысы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов Жаслан Мәдиевтен жеке деректерді қорғау бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады.«Біз жеке деректерді қорғау бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз.

Абай облысында контрафактілі алкоголь өнімдері сатылған

Arna Press, 26 ноября 2024 в 18:28

Абай облысында контрафактілі алкоголь өнімдері сатылған
Абай облысында контрафактілік алкоголь өнімдерін сатудың фактісі тоқтатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семей қаласында ҰҚҚБ қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін әшкереледі. Ол жертөле бөлмесінде контрафактілік алкоголь өнімдерін жасап, оны бөлшек саудамен сатуды ұйымдастырған.

Жаңа мұнай өңдеу зауыты қайда салынады

Arna Press, 25 ноября 2024 в 18:58

Жаңа мұнай өңдеу зауыты қайда салынады
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 25 қарашада мәжілісте төртінші мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) салу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Министрдің айтуынша, 2030 жылдан кейін төртінші МӨЗ салу жоспарланып отыр.«МӨЗ салу жөніндегі түпкілікті шешімге алдын ала факторлар әсер ететіні анық.

Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды

Arna Press, 25 ноября 2024 в 15:59

Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды
Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылы 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 144,9 мың этникалық қазақ оралды.Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,9 пайызы Қытайдан, 39,2 пайыз – Өзбекстаннан, 5,8 пайыз – Моңғолиядан, 5,2 пайыз – Түрікменстаннан, 2,8 пайыз – Ресейден және 1,1 пайыз басқа елдерден», — делінген хабарламада.1 қарашадағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,2 пайыз және зейнеткерлер 9,4 пайыз болды.«Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,8 пайызы жоғары білімді, 24,8 пайызы орта кәсіби білімді, 54,4 пайызы жалпы орта білімді, және 3 пайызында білім жоқ. Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары».Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы — 3 033 адам.

Семей қаласының полицейі Қазақстанның үздік учаскелік инспекторлары қатарына енді

Arna Press, 25 ноября 2024 в 14:18

Семей қаласының полицейі Қазақстанның үздік учаскелік инспекторлары қатарына енді
Семейлік Дастан Буланов 2024 жылғы «Үздік маман» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Дастан Буланов кәсіби біліктілігі, өз ісіне адалдығы мен жоғары деңгейдегі қызметтік дайындығы үшін марапатталды. Ол конкурста заңнаманы білу, практикалық дағдылар мен физикалық дайындық сынақтарынан өтті.

2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Arna Press, 25 ноября 2024 в 13:18

2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады
Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 20 қарашадағы «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын,» — делінген құжатта.Барлығы 915 адам шақырылады, оның ішінде:Қаулы 2024 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енеді.Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 22 ноября 2024 в 19:36

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Показано 30 новостей из 4 502