Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 86

Бородулиха ауданындағы өртті сөндіру ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындады

Arna Press, 09 июня 2023 в 18:08

Бородулиха ауданындағы өртті сөндіру ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындады
Абай облысында ауа температурасы шамамен 30 градусты құрайды. Бұл өртті сөндіруді айтарлықтай қиындатады, жел бағытының өзгеруі және өрттің жайылып, таралуы барлық бағытта жұмысты қиындатуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. — Өрт найзағайдың 2 рет соғуынан шыққан.

Алматыда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған «қылмыстық төрттік» ұсталды

Arna Press, 09 июня 2023 в 12:48

Алматыда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған “қылмыстық төрттік” ұсталды
Алматыда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған «қылмыстық төрттік» ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Арнайы іс-шара барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олардың үшеуі бұрын қарақшылық шабуыл, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша істі болғандығы белгілі болды. – Күдіктілер физикалық күш қолданамын деп қорқытып, кәсіпкер 21 жастағы К. есімді азаматтан 2 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған.

Қытай үйі, Орыс шіркеуі. Алматыдағы муралдарда қандай идеологиялық мән бар? 09 июня 2023, 12:18

Tengrinews, 09 июня 2023 в 12:33

Қытай үйі, Орыс шіркеуі. Алматыдағы муралдарда қандай идеологиялық мән бар?
                09 июня 2023, 12:18
Қаланың ажарын ашып, сәнін келтіретін сәулет өнерінің бір түрі — муралдар. Бір қарағанда қабырғаға салынған бейне ғана болып көрінгенімен, белгілі бір идеяға негізделетіні жасырын емес. Алматыдағы муралдардың астарында қандай сыр жатыр? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді. Муралдар — қаланың бет-бейнесін қалыптастыратын өнер түрі.

Қазақстанда ХҚКО-лар бірқатар қызмет түрін уақытша тоқтатады

Arna Press, 09 июня 2023 в 11:58

Қазақстанда ХҚКО-лар бірқатар қызмет түрін уақытша тоқтатады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары 9 маусымнан бастап кейбір қызметтерді көрсетуді тоқтататынын хабарлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ішкі істер министрлігі жағындағы техникалық жұмыстарға байланысты 9 және 10 маусымда еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталығында мынадай қызметтерге өтініштерді қабылдауды уақытша тоқтатады:Сурет: Tengrinews.kz

Бородулиха ауданындағы өрттің аумағы 2000 га жетті

Arna Press, 09 июня 2023 в 10:58

Бородулиха ауданындағы өрттің аумағы 2000 га жетті
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300 астам адамы, 70 техникасы жұмылдырылды. 4 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда.

ШҚО-да қос азаматтық үшін 20 адам жауапқа тартылды

Arna Press, 08 июня 2023 в 21:08

ШҚО-да қос азаматтық үшін 20 адам жауапқа тартылды
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтықты ресімдеу кезінде анықталған бұзушылықтар үшін 20 азамат жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның ішінде шетел азаматтығын алғаннан кейін құжаттарды уақтылы тапсырмағаны үшін 13 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың үшеуі сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылды.«Ағымдағы жылдың мамыр айында Көші-қон қызметінің қызметкерлері өткен жылдың шілде айында басқа елдің азаматтығын алған Риддер қаласының тұрғынын анықтады, алайда ол туралы ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламаған және Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын мемлекеттік органдарға тапсырмаған», деді Полиция Департаментінде.

Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан келген көліктерді заңсыз тіркеудің жолын кесті

Arna Press, 08 июня 2023 в 21:08

Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан келген көліктерді заңсыз тіркеудің жолын кесті
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, бұл тізбекте «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ға қарасты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сондай-ақ Оңтүстік Кореядан көлік алып келуді жолға қойған К. есімді азамат күдікті деп танылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«К. есімді азамат мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен қылмыстық келісімге келіп, Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын тіркеуге негіз болатын құжаттарға жалған мәліметтер енгізгені белгілі болды.

Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты

Arna Press, 08 июня 2023 в 16:38

Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қандай жалақы алатыны белглі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.YouTube желісінде журналист Асхат Ниязов Абай облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай шыққан материалында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтан сұхбат алды. Бір жылдың ішінде қалада өткізілген жұмыс туралы сұрап, шаһар басшысының жалақысын да тілге тиек етті.«Менің жалақым барлығындай (әкімдердей — авт.сөз).

«Семей орманы» аумағында тағы да өрт шықты

Arna Press, 08 июня 2023 в 15:38

Семей филиалының мәліметінше, Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 га алдын ала алаңда ағаштардың жануы орын алған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары «Семей орманы» МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдем көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД-дан 31 адам және 9 бірлік техника, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылған.Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылды.Елді мекендерге қауіп жоқ.

Массмедиа туралы заң жобасы Мәжіліске өтті

Arna Press, 07 июня 2023 в 18:18

Массмедиа туралы заң жобасы Мәжіліске өтті
Парламенттің төменгі палатасы «Массмедиа туралы» заң жобасын қарауға қабылдады. Тіпті қоғамдық талқылау кезеңінде оның кейбір тұсы журналистік ортада теріс реакция тудырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, журналистік қоғамдастықта оңай аккредитациядан өтуді қамтамасыз етуге арналған пресс-карталар енгізу жоспары көптеген сұрақтар, тіпті алаңдаушылық тудырды.
Показано 30 новостей из 4 653