Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 53

Абай облысында жеңгетайлық жасаған әйел қамауға алынды

Arna Press, 01 декабря 2023 в 18:18

Абай облысында жеңгетайлық жасаған әйел қамауға алынды
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ұдайы негізде жеңгетайлық фактілерін анықтау және интимдік қызмет көрсету үшін притондарды ұстау бойынша пысықтаулар жүргізеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері Абай облысының жедел қызметкерлері осындай қызмет көрсеткен 6 саунаны жауып, 5 әйелді 2 жылға шартты түрде соттады.

Түркістан облысында білім беру саласының қызметкерлері 2 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Arna Press, 01 декабря 2023 в 16:38

Түркістан облысында білім беру саласының қызметкерлері 2 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шардара және Сарыағаш аудандарының білім бөлімдерінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті тұлғалар 2020-2023 жылдар аралығында білім беру саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың шоттарына ақша қаражатын аудару, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне жоғары жалақы есептеу арқылы шамамен 2,6 млрд теңге сома жымқырған».ҚР ҚМА баспасөз қызметіҚазіргі уақытта Түркістан облысының білім беру саласынан 17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, олардың 4-і қамауға алынды.Залалды өтеу мақсатында 39 жылжымайтын мүлік, 44 автомашина, зергерлік бұйымдар және қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың ақшалай қаражаттары бұғатталды».ҚР ҚМА баспасөз қызметіСонымен қатар тергеу барысында Түркістан облысының Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы әшкереленді, ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудит барысында анықталған жымқыру фактілерін пайдакүнемдік ниетпен жасырған.Сондай-ақ Жетісу облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңге жымқырған қалалық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық топқа басшы мен оның қарамағындағылар, сондай-ақ орта мектеп бухгалтері кірді.

Моңғолиядан келген делегация елордадағы халыққа қызмет көрсету орталығында болды

kapital.kz, 01 декабря 2023 в 13:06

Моңғолиядан келген делегация елордадағы халыққа қызмет көрсету орталығында болды
Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету тәжірибесін басқа елдермен үнемі бөлісіп отырады. Осылайша, Моңғолияның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Астана қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.Кездесу барысында оларға «Азаматтарға арналған үкіметтің» құжаттандыру терминалы және дайын құжаттарды беруге арналған тәулік бойы жұмыс істейтін постаматы сияқты инновациялық жобалары ұсынылды. Өз кезегінде Делегация өкілдері халыққа қызмет көрсету орталығында цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтті.Сонымен қатар, қонақтарға тұрғындардың цифрлық кеңсесін аймақтарға бөлу туралы егжей-тегжейлі айтылып, клиенттердің Connection Point аймағында қызметтерге өз бетінше тапсырыс бере алатындығы көрсетілді. Қонақтар мемлекеттік қызметтерді алудың ыңғайлылығына және келушілер үшін қолайлы жағдай жасалғандығына назар аударды.Сондай-ақ, Моңғолияның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Мемлекеттік корпорацияның ахуалдық орталығының жұмысымен де танысты.

102-ге 49 рет қоңырау шалған әйелдің өлімі: полицейлер қалай жазаланды?

Arna Press, 01 декабря 2023 в 11:58

102-ге 49 рет қоңырау шалған әйелдің өлімі: полицейлер қалай жазаланды?
Қостанай облысының Полиция департаменті күйеуінің қолынан қаза тапқанға дейін полицияға 49 рет хабарласқан әйелдің ісіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Өткен жылы полицейлер Қостанайда зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар пәтерден екі әйелдің денесі табылғанын хабарлады.«Қазір сот үкімі бойынша сотталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Кеншілерге жаңа әлеуметтік төлем тағайындалады

Arna Press, 01 декабря 2023 в 10:38

Кеншілерге жаңа әлеуметтік төлем тағайындалады
Түсіндірме құжатта бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыру жөніндегі тәсілдерді іске асыру екені жазылған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауында салалардың дамуына елеулі үлес қосуды және қызметкердің денсаулығына зиян келтіру дәрежесін ескеретін зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдерді енгізу қажеттігін атап өтті.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде көзделген заңнамалық түзетулер әзірленді.

Мектептерде смартфон ұстау: норма жаңа заңда қарастырылады

Arna Press, 30 ноября 2023 в 18:38

Мектептерде смартфон ұстау: норма жаңа заңда қарастырылады
Мәжіліс депутаттары «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылап жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жалпы отырыста депутат Асхат Аймағамбетов заң жобасын таныстырды.«Ұстаздармен болған кездеулерде тағы бір мәселе талқыланды.

Жекеше айыптау шағымдарын беру және оларды қарау тәртібі.

Магнолия, 30 ноября 2023 в 17:38

Жекеше айыптау шағымдарын беру және оларды қарау тәртібі.
Жекеше айыптаушы — жекеше айыптау ісі бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдаған адам, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда сотта айыптауды дербес қолдаушы жариялы және жеке-жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленуші. Жекеше айыптаушы оған тиесілі құқықтарды пайдаланады және өзіне жүктелген міндеттерді жеке немесе, егер ол құқықтар мен міндеттердің сипатына сәйкес келсе, өкіл арқылы атқарады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі — ҚПК) 32-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстерге жататын жекеше айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу, 47 тарауда белгiленген алып қоюларды қоспағанда, осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен айқындалады.

БАҚ-тың жазбаша өтінішін 7 күн емес, 5 күн қарау ұсынылды

Arna Press, 30 ноября 2023 в 16:28

БАҚ-тың жазбаша өтінішін 7 күн емес, 5 күн қарау ұсынылды
Негізгі заң жобасы мемлекет мүддесін, қоғамның сұранысын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Құжатта журналистердің мәртебесін көтеру, құқықтарын нығайту, сондай-ақ олардың міндеттерін кеңейту бойынша жағдай жасау қарастырылған.

Министрлік үкімет пен ArcelorMittal арасындағы келісім туралы мәлімдеме жасады

Arna Press, 30 ноября 2023 в 14:48

Министрлік үкімет пен ArcelorMittal арасындағы келісім туралы мәлімдеме жасады
Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы мәміленің соңғы кезеңіне жақындады. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Осы оқиғаның маңыздылығын ескере отырып, мәмілеге қол қою жөніндегі жұмыс толығымен аяқталғаннан кейін брифинг ұйымдастырамыз.

Түркістан облысының полицейлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады

Arna Press, 30 ноября 2023 в 13:08

Түркістан облысының полицейлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады
Түркістан облысының полицейлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Түркістан облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды ұстады.

13 адам қаза тапқан алапат өрт жөнінде Алматы әкімдігі түсініктеме берді

Arna Press, 30 ноября 2023 в 11:58

13 адам қаза тапқан алапат өрт жөнінде Алматы әкімдігі түсініктеме берді
Сағат 08:40-тағы жағдай бойынша өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі.

Ақтөбелік тұрғын жалған диплом аламын деп ақшасынан айырылып қалды

Arna Press, 29 ноября 2023 в 19:58

Ақтөбелік тұрғын жалған диплом аламын деп ақшасынан айырылып қалды
Ақтөбелік тұрғын жалған диплом аламын деп ақшасынан айырылып қалды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Осы жылдың көктем айында аудандық білім бөлімінің әдіскеріне өзінің әріптесі жоғары оқу орындарының бірінің магистратурасын бітіргені туралы диплом алып бере алатын танысының бар екенін айтқан. «Педагог-психолог» мамандығы бойынша диплом алғысы келген әйел одан бірден танысының телефон нөмірін алып хабарласқан.«Ер адам әйелге ЖОО бітіргені туралы диплом алуға көмектесе алатынын айтып, өз қызметі үшін 800 мың теңге көлемінде алдын ала төлем сұраған. Қолында ондай көлемде ақшасы болмаған әдіскер Ақтөбе қаласына келіп несие рәсімдеп, банктік қосымша арқылы диплом алуға көмектесетін бейтаныс ер адамға аударған.Алайда ұзақ уақыт бойы дипломды да, өзі берген ақшасын да ала алмаған жәбірленуші қараша айының соңында полицияға арызданды» — делінген хабарламада.

«Тачэн-Семей» тікелей әуерейсі ашылуы мүмкін

Arna Press, 29 ноября 2023 в 15:38

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының ірі өнеркәсіп орталығы – Үрімжі қаласына келді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сапар барысында кәсіпкерлер, бизнес өкілдері мен басқарма басшылары өңірлер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.«Қытай – біздің аймақтың негізгі сауда-экономикалық серіктесі.

Қазақстанда желтоқсандағы мерекеге орай қосымша пойыздар жүреді

Arna Press, 29 ноября 2023 в 12:58

Қазақстанда желтоқсандағы мерекеге орай қосымша пойыздар жүреді
Қазақстанның Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекелеріне орай жолаушылар сұранысының артуына байланысты КТК қосымша пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мына бағыттар қосымша рейстер орындайды:Пойыздар стандартты купеден және резерв вагондардан тұрады.«Сонымен қатар Астанадан Павлодарға №7510/7509 электр пойызының қосымша рейсі белгіленген.

«Табысты» ипотекасы арқылы үй алғандар қанша төлейді

Крыша, 29 ноября 2023 в 10:37

«Табысты» ипотекасы арқылы үй алғандар қанша төлейді
Отбасы банк ұсынған «Табысты» ипотекасы туралы жаңалық біраз дау тудырғаны рас. Жаңа бағдарлама тиімді ме, әлде «Баспана» тарифі ме? Krisha.kz жаңа тариф пен ескісін өзара салыстырып көрді.«Баспана». Ақша жинаудың стандарт схемасы мынадай:Бұл тарифтің артықшылығы — баспана құнының 50 %-ын жинап қойсаңыз, үш жыл күтпей-ақ ипотека рәсімдеуге болады.«Табысты».

«Әкімдік мәселемізге мән бермейді». Алматының іргесіндегі ауыл тұрғындары жарықсыз отыр 29 ноября 2023, 09:30

Tengrinews, 29 ноября 2023 в 09:43

Алматы облысына қарасты Алмалыбақ ауылының тұрғындары 2 жылдан бері электр желісінен қиындық көріп келеді. Тұрғындардың айтуынша, жеке меншікке тиесілі трансформатор бір күнде 10 шақты рет өшеді екен. Салдарынан бұқараның техникасы күйіп, қып-қызыл шығынға батқан. Ал ағайынның талабын ескермей, хабарласқан адамның нөмірін бұғаттап жүрген трансформатор иесі жауапкершілікті сезінбейтін көрінеді.

Енді Kaspi.kz-те мемлекеттік жәрдемақы мен жұмыссыздық бойынша төлемдерге өтініш беруге болады

Arna Press, 28 ноября 2023 в 11:28

Енді Kaspi.kz-те мемлекеттік жәрдемақы мен жұмыссыздық бойынша төлемдерге өтініш беруге болады
Енді ең танымал мобильді қосымшада көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға және жұмысынан айырылған кезде төленетін төлемдерге өтінім беруге болады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры берген мәліметке сай, ЕДБ мобильді қосымшаларында қолжетімді әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызметтерінің ауқымы кеңеюде.«Жалпы азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отыр.

Желіде президееттің фотосымен қазақстандықтарға 150 мың теңге төленеді деген жалған мәлімет тарады

Arna Press, 27 ноября 2023 в 19:38

Желіде президееттің фотосымен қазақстандықтарға 150 мың теңге төленеді деген жалған мәлімет тарады
«Жыл соңына дейін қазақстандықтардың картасына ақша түседі» деген ақпарат жалған екенін ескертілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.Ақпараттың шынайылығын тексеретін Stopfake.kz мәліметінше, Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттарында, президентінің akorda.kz сайтында мұндай төлемдер туралы ресми ақпарат жоқ.

Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 27 ноября 2023 в 19:26

Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Енді газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнату қажет

Arna Press, 27 ноября 2023 в 15:58

Енді газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнату қажет
ҚР ІІМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2023 жылғы 24 қарашадағы бұйрығымен «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану ережелері» ҚР СТ 1412-2017 ұлттық стандартына толықтыру енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, газ жабдығы бар көлік иелеріне арнайы белгі орнату міндеттеледі.Газ жабдығы бар автомобильдердегі ерекше белгі – қара жиегі бар сары үшбұрыш.

Қазақстанда қанша жалғызбасты ана мен әке бар

Arna Press, 27 ноября 2023 в 12:08

Қазақстанда қанша жалғызбасты ана мен әке бар
Қазақстанда қанша жалғызбасты ана мен әке тұрып жатқаны белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жалпы, 2022 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалары бар 476 мың жалғызбасты әкелер немесе аналар отбасы бар, оның ішінде 423 959-ы балалы аналар отбасы, 52 мыңы — балалары бар әкелер отбасы.Мұнда әкелер мен аналардың барлық санаты ескерілгені айтылды: жесір, ажырасқан, ешқашан үйленбеген.Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті мәліметінше, 2022 жылы 129 707 жұп некеге отырса, 51 220 жұп ажырасқан.«Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» кодекстің 17-бабына сәйкес неке кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптының және мүліктік даулардың өзара келісімі бойынша ғана АХАТ органдарында тікелей бұзылуы мүмкін.«Жүргізілген мониторингке сәйкес, тіркеуші органдардың ақпараты бойынша, азаматтар өзара келісім бойынша некені бұзу туралы өтініш берген кезде, өтініш берушілер некені бұзудың негізгі себебін «мінездерінің бір-біріне сай келмеуі» деп көрсетеді», — деп хабарлады ведомство.Сурет: depositphotos.com
Показано 30 новостей из 4 832