Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев 27 мамырда өткен брифингте қанша тұтқын колониялардан қашуға тырысқанын және олардың бұл әрекеті неліктен іске аспағанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, бүгінгі таңда колонияларда 39 мыңнан астам бейнекамера орнатылған.
Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 27
Төтенше жағдайдан зардап шеккен қазақстандықтар жоғары оқу орындарына квота бойынша түсе алады
Arna Press, 27 мая 2024 в 20:28
Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау квотасының мөлшеріне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, қазақстандық жоғары оқу орындарына квота бойынша түсетін тұлғалардың тізімі кеңейтіліп, келесілер толықтырылады:мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша міндетті әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген Қазақстан Республикасының азаматтары – 1 %;әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы, жаһандық немесе аймақтық ауқымдағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтар – 20%.Қазіргі уақытта оның құрамына кіреді:бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар – 1;басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – 0,5 %;ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар – 35 %;Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар – 4 %;жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарына – 1 %;ауыл жастары арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аударатын Қазақстан Республикасының азаматтарына – 5 %;төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары – 5 %;кемінде үш жыл осындай мәртебеге ие болған толық емес отбасылардың балалары – 1%;бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер — 1%.Министрлікте атап өткендей, түзетулердің мақсаты – міндетті әскери қызмет өткерген және төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер үшін жоғары оқу орындарына түсуге жаңа қабылдау квотасын қосу.Құжат 10 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.Сурет: freepik
Қазақстанда адамдардың қазақ ұлтына жататындығын айқындау жөніндегі қағидалар әзірленеді
Arna Press, 27 мая 2024 в 19:18
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» қаулысына толықтыру дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, ережеге келесі жаңа функция қосылды:жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда үміткерлердің ұлтын растайтын тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;Құжат 10 маусымға дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.Айта кетейік, 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 926 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.
Қазақстанда темекі қымбаттайды
Arna Press, 27 мая 2024 в 19:18
Қазақстанда темекі, сондай-ақ папирос, сигарилла және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеру жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қаржы министрлігі бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Құжат бойынша, 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға: 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 820 теңге; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге болады.Тиісті бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға жіберіледі.Еске салайық, қазір Қазақстанда бір қорап темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 770 теңге болады.Сурет: depositphotos.com
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Хасеновті қабылдады
Akorda.kz (KZ), 27 мая 2024 в 18:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстанда білім беру қызметіне лицензия беру ережелері жаңартылды
Arna Press, 27 мая 2024 в 18:18
ҚР Оқу-ағарту министрі «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» туралы заңға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жаңа заң бойынша, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері бекітеді.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті діни білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып табылады.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ мамандықтар топтары бойынша әскери, арнайы оқу орындары, мамандықтар бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып табылады.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы өтінішті және құжаттарды жолдайды.Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұранысты) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне орындауға береді.
«Нөсер жаңбыр, қар, бұршақ». Еліміз бойынша 27 мамырға арналған ауа райы болжамы
Arna Press, 27 мая 2024 в 11:28
«Қазгидромет» РМК дүйсенбі, 27 мамырға арналған Қазақстандағы ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін.«ҚР басым бөлігінде түнде жауын-шашын, шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің солтүстік-шығысында да нөсер жаңбыр болады деп күтіледі.
Спорттық гимнастикадан өткен турнирде Қазақстан екі алтын медаль иеленді
Arna Press, 27 мая 2024 в 11:28
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Болгарияның Варна қаласында өткен Challenger Cup турнирінде үш медаль иеленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, тұтқалы ат снарядында Нариман Курбановқа тең келер ешкім болмады. Ол 15.433 ұпаймен жеңімпаз атанды.
Президент Иордан Хашимит Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Akorda.kz (KZ), 25 мая 2024 в 14:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері, академик Төрегелді Шармановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Akorda.kz (KZ), 25 мая 2024 в 12:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: қазақстандық спортшылар бес финалда бақ сынайды
Arna Press, 24 мая 2024 в 20:58
Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup әлем кубогінде қазақстандық спортшылар іріктеуден өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан ерлер командасының төрт спортшысы бес финалда бақ сынайды. Атап айтар болсақ, Дмитрий Патанин мен Асан Сәлімов еркін жаттығудан финалға өтті. Іріктеуде Патанин 2, Сәлімов 6-нәтиже көрсеткен.
Цифрландыру креативті индустрия үшін жаңа мүмкіндіктер ашады
Arna Press, 24 мая 2024 в 19:58
Mind ғылыми-талдау орталығы алаңында креативті индустрия үшін цифрлық инфрақұрылымды әзірлеуге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған кеңеске авторлық құқық пен зияткерлік меншік саласындағы жетекші сарапшылар, креативті сектор өкілдері және уәкілетті министрліктердің өкілдері қатысты.Кездесу барысында Қазақстанда креативті индустрияның дамуын қолдауға және ынталандыруға мүмкіндік беретін заманауи және тиімді цифрлық экожүйені құру мәселелері талқыланды. Қатысушылар одан бөлек цифрлық ортадағы авторлық құқықты қорғау, креативті контентты монетизациялау механизмдері, транзакциялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авторлық құқықты қорғау үшін блокчейн технологияларын пайдалану мүмкіндіктері сияқты негізгі аспектілер туралы айтты.Әзірлеушілер кәсіпқойларды, контент өндірушілерді және тұтынушыларды біріктіретін Бірыңғай цифрлық платформаны құрудың тұжырымдамалық негізін әзірледі.
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур ректорларының «Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы» атты форумына қатысты
Akorda.kz (KZ), 24 мая 2024 в 18:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Jusan Business компаниясының Ösim журналы 2024 жылдың үздік корпоративтік медиасы атанды
kapital.kz, 24 мая 2024 в 17:06
Фото: Jusan BusinessҚазақстанда бизнес ашу және оны жүргізу туралы Jusan Business журналы – Ösim – 2024 жылғы XIV Орталық Азия корпоративтік медиа байқауының жеңімпазы атанды.20-жылдық PR-форум аясында өткен байқаудың қорытындысы бойынша Ösim журналы үш номинацияның абсолютті жеңімпазы атанды: — «БЕДЕЛ-2024» — «Жылдың үздік корпоративтік медиасы»; — «ДА ЗДРАВСТВУЕТ КОНТЕНТ!» — «Үздік контент»; — «КРЕАТИВ ГОДА» — «Үздік дизайн».Қазылар алқасы контенттің сапасын, оның шағын және орта бизнеске пайдасын, материалдардың жеңіл тілі мен оқырманға деген қамқорлығын ерекше атап өтті. «Біздің күш-жігерімізді бағалап, осы байқауда жеңіске жеткен қазылар алқасына ризамыз.
Абай облысының 302 мектебінде бірыңғай тәрбие сағаты өтті
Arna Press, 24 мая 2024 в 15:58
Бүгін еліміздің барлық мектебінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім — Отаныма» Бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып жетекшілері оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп оқу жылын қорытындылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жалпы бірыңғай тәрбие сағатына Абай облысы бойынша барлық білім алушы қатысты.
Мемлекет басшысы «Қазақстан және орта державалардың рөлі: қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды ілгерілету» атты тақырыпта дәріс оқыды
Akorda.kz (KZ), 24 мая 2024 в 14:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?
Arna Press, 24 мая 2024 в 11:28
Синоптиктер бүгін, 24 мамырда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын және тұман түсіп, екпіні күшті жел соғатынын болжады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлытау облысының батысында оңтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Мемлекет басшысы Сингапурдың аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады
Akorda.kz (KZ), 24 мая 2024 в 11:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер командасы жарысты жүлдесіз аяқтады
Arna Press, 23 мая 2024 в 19:58
Дзюдодан Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бүгін татамиге шыққан спортшыларымыздың барлығы да жеңіліс тапты. 100 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұрлыхан Шархан даниялық Дэниел Эйчке есе жіберді.
Қазақстанда пойыздардың кестесі өзгеруі мүмкін
Arna Press, 23 мая 2024 в 19:58
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов 23 мамырда өткен брифингте Қазақстанда пойыздардың жөнелту кестесін 2025 жылы қалай өзгерту жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Журналистер пойыздардың кестесі қандай шарт бойынша жасалатынын сұрады, өйткені көптеген бағыттар бойынша қолайлы уақыт таңдалмаған.
Президент Alatau City жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді
Akorda.kz (KZ), 23 мая 2024 в 19:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Үш аймаққа қауіп төніп тұр: шегірткемен күресу үшін үкімет резервінен миллиардтаған теңге жұмсалады
Arna Press, 23 мая 2024 в 18:48
2024 жылы Қазақстанның үш облысында шегіртке шабуылы күтілуде. Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) зиянкестермен қалай күресетінін түсіндірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дархан Әбдікәрімов Қазақстанда шегіртке жәндіктерінің 270-тен астам түрі мекендейтінін, оның 10-15 түрі астық, жайылымдар мен шабындықтар, көкөніс дақылдарының қауіпті зиянкестері екенін айтты.
Қазақстанда кірістер туралы декларацияның жаңа нысанын қолдану тоқтатылады
Arna Press, 23 мая 2024 в 17:48
Қаржы министрлігі «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы» қаулы дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысаны мен қағидаларын (270.00-нысан) (2021 жылғы 13 қыркүйектегі бұйрыққа 3 және 4-қосымшалар) 2024 жылғы 31 шілдеге дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде әзірленгенге және іске асырылғанға дейін қолдану тоқтатыла тұрады.Түсіндірілгендей, тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін 2021 жылғы 13 қыркүйектегі бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар бойынша жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жасау нысаны мен қағидалары қолданылатын болады.Бұйрықтың жобасы 5 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.Сурет: freepik
Мемлекет басшысы Indorama корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Амит Лохианы қабылдады
Akorda.kz (KZ), 23 мая 2024 в 17:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Мемлекет басшысы Temasek International компаниясының бас директоры Дилхан Пиллэйді қабылдады
Akorda.kz (KZ), 23 мая 2024 в 16:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Akorda.kz (KZ), 23 мая 2024 в 15:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Мемлекет басшысы Сингапур Премьер-министрінің орынбасары – Экономикалық саясат жөніндегі үйлестіруші министр Хенг Суи Кеатты қабылдады
Akorda.kz (KZ), 23 мая 2024 в 14:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Қанша қазақстандық мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алды
Arna Press, 23 мая 2024 в 14:08
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың жиынтық кірістері мен шығыстарын айқындауды ескере отырып, Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің бизнес-процесін трансформациялау тетігін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысы биыл ақпанда өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде халықты әлеуметтік қолдаудың құрылымы мен тетіктерін қайта қарауды, әлеуметтік көмектің тиімділігі мен атаулылығын арттыруды тапсырды.ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Еңбекмині мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қазақстандықтардың негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау тетігін пысықтауда.
Мемлекеттік кеңесші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысын өткізді
Akorda.kz (KZ), 22 мая 2024 в 20:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
30 мамырда қазақстандықтарға белгілі заңгерлер мен мемлекеттік орган өкілдері тегін кеңес береді
Arna Press, 22 мая 2024 в 18:58
Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» кең ауқымды республикалық акциясы өтеді. Құқықтың барлық саласының жетекші сарапшылары тұрғындарды қызықтыратын мәселелер бойынша тегін кеңес береді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Халық заңгері» республикалық акциясы аясында еліміздің қалалары мен елді мекендеріндегі кез келген адам тегін заңгерлік кеңес алып, мемлекеттік органдардың өкілдерімен тікелей байланыса алады.Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған.
Показано 30 новостей из 4 832