Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 16

Бәйгеден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды

Arna Press, 05 августа 2024 в 15:28

Бәйгеден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды
Бәйгеден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жарыс бәйгенің 4 түрі бойынша өтті: Құнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйге, жалпы жүлде қоры — 24 900 000 теңге.«Бұл бәсеке — бәйгеден ҚР чемпионатының 8-кезеңі, ал бір жағынан осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу есебінде өтіп жатыр.

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Arna Press, 05 августа 2024 в 14:38

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 5 тамыз, дүйсенбіде Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, бұршақ жауады, республиканың солтүстік-шығысында және шығысында нөсер болады.

ҰҚК бір айда үш ірі есірткі зертханасын жойды

Arna Press, 05 августа 2024 в 12:58

ҰҚК бір айда үш ірі есірткі зертханасын жойды
ҰҚК бір айда үш ірі есірткі зертханасын жойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ағымдағы жылдың шілдесінде Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды.Аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды.«Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін.Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстан электрондық цифрлық қолтаңбаны беруді өзгертеді

Arna Press, 02 августа 2024 в 17:58

Қазақстан электрондық цифрлық қолтаңбаны беруді өзгертеді
2 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны беруді өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Спикер файлдық тасымалдағышқа электрондық цифрлық қолтаңбаны беруден бас тарту мәселесін қарау жоспарланып отырғанын хабарлады.«Енді білесіздер, биометриялық сәйкестендіру белсенді дамып жатыр, яғни бұл бұлтқа негізделген цифрлық қолтаңба.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті

Akorda.kz (KZ), 01 августа 2024 в 18:36

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Семейде құтқарушылар саябағы ашылды

Arna Press, 01 августа 2024 в 17:58

Семейде құтқарушылар саябағы ашылды
Семейде құтқарушылар саябағының салтанатты ашылуы өтті. — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сквер аумағында балалар, ойын және демалыс алаңдары бар. Жақын орналасқан көп қабатты үйдің қасбетінде тақырыпқа сай түрлі-түсті мурал салынған. Тақтатас төселіп, абаттандыру және асфальттау жұмыстары жүргізілді.Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз құттықтауында жаңа сквердің қоғамның қауіпсіздігі үшін өмірлерін қатерге тігетін жандарға құрмет пен ризашылықтың белгісіне айналатынын атап өтті.

Семейде екі жасар бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлады

Arna Press, 01 августа 2024 в 17:08

Семейде екі жасар бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлады
Бүгін Семейде тоғызыншы қабаттың терезесінен бала құлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол екі жаста. Қазіргі уақытта дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде. ТЖМ тағы да еске салады:Сурет: ашық дереккөздерден

Нұртас Адамбайға қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Arna Press, 01 августа 2024 в 17:08

Нұртас Адамбайға қатысты сот отырысы кейінге шегерілді
Нұртас Адамбайға қатысты сот кейінге қалдырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Әртіске қатысты сот нақты қашан өтетіні белгісіз.«Нұртас Адамбаевтың ісі бойынша сот отырысы белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды. Ешқандай процесс өткен жоқ», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.Еске салайық, Нұртас Адамбайға діни қызмет туралы заңды бұзды деген айып тағылған болатын.Іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Мектептердегі бейнебақылау: ережеге өзгерістер енгізілді

Arna Press, 01 августа 2024 в 14:38

Мектептердегі бейнебақылау: ережеге өзгерістер енгізілді
Ішкі істер министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау стандарттары мен талаптарына өзгерістер енгізу туралы бұйрық дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұсынылып отырған басылымда бейнебақылау жүйесі — бұл бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық-техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтаудың, сондай-ақ өзара ақпарат алмасатын бағдарламалық немесе аппараттық басқару құралдарының жиынтығы.Қазіргі редакцияда бейнебақылау жүйесі – объектінің жай-күйі мен оның қауіпсіздігі туралы бейнелерді алуға арналған, техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар, бірлесіп жұмыс істейтін техникалық құралдардың жиынтығы.Құжат 14 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.Қазақстанда білім туралы аттестаттың жаңа түрі берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

Akorda.kz (KZ), 01 августа 2024 в 10:06

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Мемлекет басшысының өкімімен Қуат Жалалитденұлы Сандалов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

Akorda.kz (KZ), 01 августа 2024 в 10:06

Мемлекет басшысының өкімімен Қуат Жалалитденұлы Сандалов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Абай облысы Мақаншы ауданының ауруханасында науқастарға мерзімі өткен анестезия препараттарын қолданған

Arna Press, 30 июля 2024 в 20:58

Абай облысы Мақаншы ауданының ауруханасында науқастарға мерзімі өткен анестезия препараттарын қолданған
Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері орын алған.Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.Сурет: ашық дереккөздерден

Кто сможет получить госипотеку по программе «Менин үйүм»? Критерии

Tazabek, 30 июля 2024 в 13:04

Кто сможет получить госипотеку по программе «Менин үйүм»? Критерии
Tazabek — Президент Садыр Жапаров указом от 17 июля утвердил государственную жилищную программу «Менин үйүм».Также глава государства утвердил Порядок отбора участников программы «Менин үйүм».Установлено, что программа и Порядок действуют бессрочно до принятия соответствующего указа президента.Кабинету министров поручено: — в месячный срок привести свои решения в сфере государственной жилищной политики в соответствие; — в ежегодном плане действий кабмина предусмотреть количественные и качественные показатели для реализации госжилищной программы Кыргызской Республики «Менин үйүм»; — разработать план мероприятий по привлечению источников финансирования госжилищной программы «Менин үйүм»; — разработать план мероприятий кабмина по реализации госжилищной программы «Менин үйүм»; — разработать матрицу мониторинга реализации и индикаторы оценки, а также бюджет «Менин үйүм».Указ вступает в силу по истечении 7 дней со дня официального опубликования.

«Аптап ыстық, найзағай, дауыл». Алматы мен еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Arna Press, 30 июля 2024 в 11:58

Синоптиктер 30 шілдеде Алматыда, Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман болады.

Жолаушылар шағымынан кейін пойыздарды тазалайтын компанияға айыппұл салынды — ҚТЖ

Arna Press, 29 июля 2024 в 16:58

Жолаушылар шағымынан кейін пойыздарды тазалайтын компанияға айыппұл салынды - ҚТЖ
Пойыздарды тазалаумен айналысатын компанияға айыппұл салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жолаушылардың тазалықтың жоқтығына және ҚТЖ вагондарын уақтылы жинамауына жиі шағымдануына байланысты масс-медиа өкілдерінің қатысуымен жеке тексеріс жүргізілген.«Тексеру компанияның Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанайжәне т.б. бағытында жүретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті.

Аялдамада жолаушының сөмкесінен әмиян ұрлаған семейлік ұсталды

Arna Press, 29 июля 2024 в 14:18

Аялдамада жолаушының сөмкесінен әмиян ұрлаған семейлік ұсталды
Абай облысында аялдамадағы жолаушының сөмкесінен әмиян ұрлаған семейлік ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Семей қаласындағы аялдамалардың бірінде 53 жастағы күдікті облыс тұрғынының сөмкесінен әмиян ұрлап кеткен. Әйелдің әмиянында 31 мың теңге болған. Қаскүнемді жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері анықтады. Ұрланған сөмке иесіне қайтарылды.Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Показано 30 новостей из 4 827